ffin.kz

«Өзіңді аш — TIGER-ді аш!»

«Өзіңді аш — TIGER-ді аш!» almaty-akshamy.kz

5 тамыз күні Алматыдағы OFFTOP клубының алаңында Екінші жыл сайынғы Tiger Summer Fest сәтті өтті. Фестивальге 4 000 астам жиналды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Tiger Summer Fest — Қазақстандағы әйгілі бренд фестивальдердің арасындағы ең бейресми фестиваль атағына ие болды. Фест тұжырымдамасына TIGER бренді жаһандық платформасының «UNCAGE» идеясы негіз етіп алынған. «UNCAGE» идеясы – өз болмысыңды, шығармашылық табандылығың мен еркіндігіңді қабылдау философиясы. Орталық Азия аумағында бұл идеяның мәнін ашу үшін «ӨЗІҢДІ АШ — TIGER-ДІ АШ!» ұраны қолданылады. Тақырыптық фестивальде,  дәстүр бойынша, 3 бағыттағы белсенді іс-шаралар ұсынылды: Tiger Street Food, Tiger Art және Tiger Music



ART




Фотоаумақ форматына фестиваль символы – бес метрлік полигональ жолбарыс қойылды. Биыл Repas көше суретшілерінің командасы жолбарысты Tiger Summer Fest 2023 түстеріне бояп шықты.  


Фестиваль күні Tiger Tag Wall аумағы да жұмыс істеді. Бұл social-art жобаға граффити тег түрінде жасалып, фест қатысушыларының есімдері жазылған арнайы қабырғаға өз атын немесе никнеймін жазған 21 жасқа толған барлық қонақтар қатыса алды. Фестивальде Tiger Can Create көрмесі жалғасын тауып, екінші рет көрермен назарына ұсынылды. Tiger Beer құтылары мен жұмсақ неоннан жасалған 12 креативті инсталляциядан тұратын экспозиция бұл жолы да келушілердің көңілінен шықты. Алғашқы көрме 2022 жылы желтоқсанда өткен болатын.


FOOD




Tiger Summer Fest үшін арнайы бірегей паназиялық тағамдар мәзірі әзірленіп, оған дәстүрлі азиялық стрит-фуд, авторлық және вегетариандық тағамдар енгізілді. Фестиваль аумағында бір уақытта 6 Tiger Street Food нүктесі жұмыс істеді, бұл фестиваль жиі өтетін Алматыға тән әдеттегі жағдай - фуд-корттағы ұзын-сонар кезектің алдын алуға септігін тигізді. 


MUSIC


Сахнада қазақстандық хип-хоп орындаушы SHIZA (Шымкент), Lie Lie инди-рок-тобы (Шымкент) мен yes/no/notsure инди тобы (Қарағанды) өнер көрсетті.


Ақын, артист, әрі музыкант SAMRATTAMA фестиваль үшін Savage Qyz бренді  арнайы дайындап берген костюм - Tiger Beer құтыларының «кілтшелерінен» жасалған сауытты киіп, өзінің хит әндері мен жаңа EP альбомына енген бірнеше туындыны шырқады. Фестивальде DJ Steppa-T, DJ Pluzhnik, DJ Kritechno мен DJ Varfalamei тоқтаусыз билетті.  Фестивальге арнайы шақырылған қонақтар — Санкт-Петербордан келген Animal ДжаZ тобы.  Және фестиваль хедлайнерлері — әлемдік альтернативті сахна аңызына айналған Guano Apes тобы Қазақстанға алғаш рет келді.


ENTERTAINMENT


Күні бойы қонақтар қызықты Tiger-квестен өтті, фестпен таныстыруға арналған турға 21 жастан асқан қонақтар қатысты. Квест шарттары: Tiger Bar-ға бару, фуд-корттағы ерекше тағамдардан дәм тату, балансборда өзін сынап көру, үш ұпайлық доп лақтыру, Tiger Tag Wall-ға өз атын немесе никнеймін жазып, Сингапурға 2 адамға арналған жолдама ұтысына қатысу. Ұтыс нәтижесінде жолдаманы Мерген Бембеев ұтып алды.



ФЕСТИВАЛЬ СЕРІКТЕСТЕРІ: RockAfisha концерт агенттігі, REPAS суретшілер командасы, вода SHYMBULAK суы, NEWMEN қоғамдық қоры, INDIGO RENTAL, Black Market Almaty, Tandoor.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32

12:13

11:56

11:52

11:40

11:29

11:11

11:05

10:49

10:47

10:36

10:16

10:08

09:54

09:17

09:03

08:49

08:05