AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстан туыстық некеге тыйым салмақ

Өзбекстан туыстық некеге тыйым салмақ

Әлем 24.07.2024, 16:10 1,119 dulatbekova
Өзбекстан туыстық некеге тыйым салмақ
Сурет: Islam.kz

Өзбекстан парламентінің заң шығарушы (төменгі) палатасының отбасы және әйелдер істері жөніндегі комитеті туыстар арасындағы некеге тыйым салуды кеңейтуді көздейтін отбасы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жариялады.

Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

 Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, толыққанды, яғни, бір атадан тараған жақын туысқандармен неке қиюға салынған тыйыммен қатар, екінші, үшінші және төртінші дәрежедегі жақын туыстар арасында да отау құруға тыйым салынуы мүмкін. Бұл арада аға-інілері мен әпке-қарындастары, олардың балалары, әке мен шешенің іні-қарындастары, олардың балалары, ата-әжесінің аға-әпкелері, олардың балалары, т.б. арасында шаңырақ көтеруге салынатын тыйым турасында сөз болып отыр. Өзбекстанда 2021 жылдан бастап тікелей туысатын туыстар арасындағы, сондай-ақ, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалар арасындағы некеге рұқсат етілмейді.

Егер медициналық-генетикалық талдау (ДНҚ сынағы) нәтижесі оң нәтиже берсе, некеге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, некеге тұрғанға дейін медициналық тексеруден өту тәртібін бұзғаны үшін, яғни, некелеспен тұрып медициналық тексеруден өтпегендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өзбекстанда жақын туыстары құрған отбасында кемістігі бар кемтар балалар мен тұқым қуалайтын ауруы бар балалар саны артып кеткен. Атап айтқанда, осы жылдың айналдырған бес айында республикалық педиатриялық орталықтың бөлімшелеріне ауыр тұқым қуалайтын аурумен 6660 бала жатқызылды; бұл балалардың ата-анасының 28,9 пайызы бір-біріне жақын туыс. Түрлі дерек көздеріне сүйенсек, Өзбекстанда ауылдық жерлердегі некелердің төрттен біріне дейін туысқан отбасылар арасында қиылған, ал қалалық жерлерде әрбір 10-шы ерлі-зайыптылардың арасында туыстық қатынас бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #туыстық неке #заңмен тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);