Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Өзбекстан билігі бетперде тағу режимін алып тастад...

Өзбекстан билігі бетперде тағу режимін алып тастады

Әлем 25.02.2022, 04:43 1,759
Өзбекстан билігі бетперде тағу режимін алып тастады
Сурет: Crushpixel

Алайда елдің Денсаулық сақтау министрлігі арнайы комиссияның қоғамдық орындарда бетперде киюді жалғастыруды ұсынғанын атап өтті.


Өзбекстандағы арнайы комиссия 1 наурыздан бастап бетперде режимін жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Бұл туралы хабарлаған Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, арнайы комиссия 1 наурыздан бастап бетперде режимін жою туралы шешім қабылдағанымен, қоғамдық орындарда бетперде киюді жалғастыра беруді ұсынып отыр.



«Премьер-Министр Абдолла Арипов басқаратын Коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссия бетперде кию режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, бірақ азаматтарға қоғамдық орындарда бетперде киюді жалғастыруды ұсынды. Сондай-ақ, 2020 жылдың наурыз айында қабылданған масканы міндетті түрде кию туралы шешім эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты күшін жойды, бірақ эпидахуал нашарлаған жағдайда қайтадан қабылдануы мүмкін», - делінген министрлік таратқан хабарламада.



Өткен жылдың сәуір айында Өзбекстанда халыққа жаппай екпе салу басталды. Ол үшін британдық-шведтік AstraZeneca компаниясының лицензиясы бойынша Үндістанда өндірілген ресейлік Sputnik V вакцинасы, қытайлық Anhui Zhifei Longcom Biopharmaceutical компаниясының вакцинасы және американдық Moderna және Pfizer препараттары қолданылды.


Соңғы мәліметтер бойынша, 35 миллион халқы бар республикада қазірдің өзінде вакциналау үшін 44 миллионнан астам доза қолданылған.


Өзбекстанда барлығы 235 740 коронавирус инфекциясы тіркелген, оның ішінде 230 286 (97%) науқас сауығып, 1624 адам қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Бетперде #маска #режим
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика