AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл

Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл

Мәдениет 28.08.2021, 07:53 2,482
Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл
сурет: Qazaquni.kz

Өзбекәлі Жәнібеков дегенде ел есіне бірден Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен Тайқазан түседі.


Бүгін көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ел тарихындағы ең даңқты Мәдениет министрлерінің бірі Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бір өзі бір институттай болған Өзбекәлі Жәнібектовтің қазақ руханияты мен мәдениетін дамытудағы еңбек жолын Ахмет Байтұрсынұлының ұлт ағарту ісіндегі сара жолына ұқсатуға болады. Алаш көсемінің қазақ зейінін ғылым-білімге бұру үшін тұтас бір ғылыми институт атқаратын шаруаны тындырып кеткені тарихтан аян. Қазақ мәдениетінің асыл жауһарын аршып, саф күйінде ұрпаққа табыстау жолында Өзбекәлі Жәнібековке де дәл солай жан-жақты, өлшеусіз еңбек етуге тура келді. Ол 1931 жылы 28 тамызда, Түркістан облысы Отырар ауданының Сарықамыс ауылында дүниеге келіп, 1998 жылдың 22 ақпанында Алматыда өмірден өтті. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген соң еңбек жолын Қазіргі Түркістан облысының Келес ауанында мектеп мұғалімі, кейін оқу ісінің меңгерушісі болып бастайды. Уақыт өте келе Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар одағының хатшысы, Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, Мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. Өзбекәлі Жәнібеков дегенде ел есіне бірден Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мен Тайқазан түседі. Өткен ғасырдың 70-жылдары Қожа Ахмет Иасауи кесенесін қалпына келтіруге ұйытқы болып, Тайқазанды Санкт-Петербургтегі Эрмитаждан қайтаруға қажырлы еңбек сіңіргені енді ғана ашық айтылып жүр. Оның бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды. Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтап, қалпына келтіру үшін «Арқас» қоғамын құрған. Қазақ сазының сарқылмай жетуіне түрткі болған «Шертер», «Адырна», «Алтынай» және тағы басқа фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. Наурыз мейрамының халықпен қайта қауышқан кезі де оның мәдниет тізгінін ұстаған кезімен тұспа-тұс келеді. Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы есімдерінің ақталуына да белсене ат салысты. 1988-1991 жылдары Өзбекәлі Жәнібеков Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған еді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алатыны да осы кез. Қайраткер Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға да үлес қосқан екен. Белгілі журналист, мәдениеттанушы Қали Сәрсенбай өткен ғасырда қазақ мәдениетін ұлтсыздандыру қақпанынан арашалау ісінде Темірбек Жүргенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков үштігінің еңбегі өлшеусіз болғанын айтады. Оның артында сол қажырлы еңбегінің куәсі болып «Қазақтың ұлттық қол өнері» (1982), «Жаңғырық» (1991), «Уақыт керуені» (1992), «Жолайрықта» (1996), «Қазақ киімі» (1996), «Ежелгі Отырар» (1997), «Тағдыр тағылымы» (1996, 1-кітап, 1997, 2-кітап) атты еңбектері қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекәлі Жәнібеков #Эрмитаж #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика