AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Өзбек киносы күндерінің салтанатты түрде ашылу рәс...

Өзбек киносы күндерінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті

Не? Қайда? Қашан? 07.12.2021, 08:10 1,559
Өзбек киносы күндерінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті
Сурет: Gov.kz

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Өзбек киносы күндерінің салтанатты ашылуы өтті


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі дерегінше, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға Өзбекстанның белгілі кинорежиссерлері мен актерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Өзбекстанның кинематографистер делегациясын «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов бастап келді.


Алқалы жиынға Қазақстан тарапынан ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуалиев, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, сондай-ақ еліміздің кино өнерінің көрнекті қайраткерлері қатысты.


Іс-шара барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында кинематография саласы бойынша қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу мақсатындағы екіжақты меморандумға қол қойылды.


Жиында сөз алған Ақтоты Райымқұлова көпшілікті Өзбек киносы күндерінің ашылуымен құттықтады.



«Қазақ пен өзбек халықтарының мәдени байланысының тамыры тереңде жатыр. Біздің өткен шағымыз ортақ, рухани мұрамыз да орасан. Тіліміз, дініміз, діліміз бір. Осы өткізіліп отырған шара – осының бір айғағы.


Өзбек мәдениеті мен өнері, әсіресе, кино өнері қазақстандықтар арасында кеңінен танымал. Өзбек телесериалдары біздің көрермен үшін етене таныс. Үш күн бойы, яғни, желтоқсанның алтысы мен сегізі аралығында біз үшін Өзбекстан киносының заманауи туындыларымен танысу мүмкіндігі туып отыр. Өзбек фильмдері кинотеатрларда ғана емес, республикалық телеарналарда да көрсетілетін болады»,- деді Мәдениет және спорт министрі.



Сонымен қатар «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликов алдағы уақытта бауырлас екі ел арасында, ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.




«Іс-шара Өзбекстан Президентінің Қазақстанға келуіне орай өткізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Өзбекстан кинематографияcы қазақстандық кино саласына ортақ жобалар жайлы ұсыныс жасай алатындай дәрежеде екенін мақтанышпен айтамыз. Өзбекстан тарапынан бауырлас екі елдің достығын бейнелейтін «Мирос» және «Абай» атты екі фильмді ұсынып отырмыз.


Жас мамандарымыз да тәжірибе алмасуға дайын. Бүгін «Шабыт» ұлттық өнер академиясында қонақта болдық. Аталған оқу орнында болашақ мамандарға барлық жағдай жасалғанын көрдік. Бүгінгі меморандум аясында ортақ жобаларымыздың қатары артады деген үміттемін»,- деді Фирдавс Абдухаликов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбек #Кино #күндер #ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);