AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Өз елім» атты концерт өтті

«Өз елім» атты концерт өтті

Мәдени Алматы 25.10.2024, 14:07 1,552
«Өз елім» атты концерт өтті
Самат Құсайынов

Республика күніне орай Нұрғиса Тілендиев атындағы мемориалдық мұражайда «Өз елім» атты мерекелік іс шара өткізілді. Концерттің негізгі мақсаты - тұрғындар арасында патриоттық сезімді арттыру. Шара барысында өнерпаздар композитор, халық қаһарманы Н.Тілендиевтің туындыларын орындап, көрерменнің көңілінен шықты.

– Бүгінгі іс шараның негізгі мақсаты - Республика күнін үлкен деңгейде атап өту, Н.Тілендиевтің мемориалдық музейінің бар екенін көрсету, композитордың шығармаларын таныту. Бүгінгі концертте Құрманғазы атындағы консервоторияның студенттері өнер көрсетті. Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», «Туған ел» т.б әндері шырқалды. Бұл мемориалдық музей 2014 жылы ашылды. Кез келген адам келіп көре алады. Оқушыларға кіру тегін, –  деді Н. Тілендиев атындағы мемориалдық музейінің экскурсоводы Мөлдір Зікірбай.

Әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын халық сүйіп тыңдайды. Оның шығармашылығын бағалайтын және насихаттайтын адам жетерлік. Солардың бірі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының стажер солисті Шыңғыс Нұрғалиұлы. Ол ұлы тұлғаның әндеріне деген махаббаты бөлек екенін айта кетті.

– Нұрғиса Тілендиев атамыз әрбіріміздің жүрегімізде деп ойлаймын. Осындай керемет мерекеде осы мұражайға келіп, ол кісінің заттарын көріп шабыттандым. Өте әсерлі сәт деуге болады. Бұндай ұлы тұлғалардың есімі ешқашан өшпейді деген сенімдемін. Әрбір әнінің өзіндік мән мағынасы бар, – деді ол.

Елге деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеген бұл концерт көрермендерге рухани азық сыйлап, өнер мен патриотизмнің маңыздылығын ұмытпауға шақырды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрғиса #композитор #күйші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);