AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Өз бетінше емделген футболшының жарақаты асқынып к...

Өз бетінше емделген футболшының жарақаты асқынып кеткен

Медицина 27.11.2024, 12:23 892 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Өз бетінше емделген футболшының жарақаты асқынып кеткен
Фото: №7 ҚКА баспасөз қызметі

Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға 30 жастағы ер адам бұлшық еттерінің ауырсынуынан және аяқтарын жаза алмауынан шағымданып жүгінген. Оның айтуынша, үш ай бұрын футбол ойыны кезінде тізесін жарақаттап алған, бірақ дәрігерге қаралмай, үйде өз бетінше емделген. Бұл туралы №7 ҚКА баспасөз қызметі хабарлады.

«Доп ойнап жүріп, науқас жүрелеп отырып, аяқтарын бірден созбақ болғанда буыны блокқа түсіп қалған. Пациентке «Медиалды менисктің үзілуі, тізе буынының блокқа түсуі, бұлшық еттің ауырсыну синдромы» деген диагноз қойылды. МРТ нәтижелері менисктің үзіліп кеткенін растады. Науқасқа МӘМС қаражаты есебінен тізе буынының артроскопиясы жасалды. Бұл органды сақтап қалуға бағытталған ота болып, медиалды менискке іш жағынан 4 тігіс салынды, мениск қайта тігілді», – деп түсіндірді Ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Арнат Байзақов.

Дәрігерлер ота сәтті өткенін атап өтті, бірақ жарақат алған жағдайда уақытылы медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығына тоқталды.

«Қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған кезде дәрігерге дер кезінде жүгінбеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Мұндай жарақаттар науқасты өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігінен айыруы ықтимал. Сондықтан өз бетінше емделуден, әсіресе «Гугл дәрігерге» сүйенуден сақ болған жөн. Уақытылы көмек алу – сауығудың басты шарты», – деді Арнат Байзақов.

Дәрігерлер халықты қимыл-қозғалыс жүйесінің жарақаттарына салғырт қарамауға және кез келген жағдайда кәсіби медициналық көмекке жүгінуге шақырды. Бұл ауыр зардаптардың алдын алып, қалпына келу процесін жеңілдетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #футболшы #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);