Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отбасының цифрлық картаның қазақстандықтарға қанда...

Отбасының цифрлық картаның қазақстандықтарға қандай тиімділігі бар?

Әлеумет 06.11.2023, 04:19 894
Отбасының цифрлық картаның қазақстандықтарға қандай тиімділігі бар?
Сурет: Gov.kz

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде мыңдаған қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласы бойынша өздеріне көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтерді еш қиындықсыз 1414-тен келген SMS-хабарламаға жауап беру арқылы проактивті түрде алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл қызметті ОЦК және мемлекеттік қызмет көрсетудің проактивті форматының артықшылықтарын балалы болған әйелдер оң бағалауда.



«Мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқылы екенімді білетінмін, бірақ ол үшін арнайы инстанцияларға барып өтініш жазып, қағаздар жинау керек деп ойладым. Оған қай күні баратынымды жоспарлап та қойған болатынмын. Бірақ жоспарым аяқ астынан өзгеріп шыға келді, себебі босанғаннан кейін бірнеше күн өткен соң ұялы телефоныма SMS-хабарлама келді. Мен оған жай ғана жауап беру арқылы жәрдемақы алушы болдым. Бұл өте ыңғайлы екен», – деп бөлісті Қостанай облысындағы Қамысты кентінің тұрғыны Гүлнәр Алдоңғарова.


«Жалпы, мен жәрдемақы тағайындалғанға дейін осындай функция бар екенін білмедім. SMS-хабарлама келгенде маған ешқайда барудың қажеті жоқ екеніне қуандым. Менің жауабымнан кейін жәрдемақы тағайындалып, шотыма ақша бір айдан кейін түсті», – деді Тараз қаласының тұрғыны Назгүл Шырынбек.



Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінгі күні онда Қазақстанның 19,8 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.


Азаматқа қолдау шарасы қажет қандай да бір өмірлік жағдай туындаған уақытта, ол мобильді азаматтар базасында көрсетілген нөміріне SMS-хабарлама алады және қызмет алу уақытын едәуір қысқарта отырып, оған бірден жауап беруіне болады. Өтінімді ресімдеу үшін ХҚКО немесе басқа мекемеге жүгінудің қажеті жоқ.


Жыл басынан бері 740 мыңнан астам осындай хабарлама жіберілді. Оларға 283 мыңнан астам адам жауап берді және ешқандай өтінішсіз өз төлемдерін немесе жәрдемақыларын алды.


Айта кету керек, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті алуға мүмкіндік беретін SMS-тен басқа, ОЦК-да зейнетақы жасына жеткенге дейін 2 ай бұрын зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы, берілген/ұзартылған «қандас» мәртебесінің аяқталу мерзімі туралы автоматты хабарламалар, сондай-ақ жұмыссыздар үшін жұмыс іздеу, тегін оқудан өту мүмкіндіктері және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары туралы хабардар ету тетігі іске қосылды.


Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажеттігін атап өтеміз.


Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#цифрлық карта #отбасы #мемлекеттік қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика