Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отбасы — қоғамның алтын діңгегі

Отбасы — қоғамның алтын діңгегі

Әлеумет 14.09.2025, 10:10 1,002
Отбасы — қоғамның алтын діңгегі
Сурет: автор

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл - еліміздегі ең қастерлі құндылықтардың бірі саналатын отбасын ұлықтайтын, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтатын ерекше мереке.

 Отбасы — әрбір адамның алғашқы тірегі, тәрбиенің бастауы. Халқымыз "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" деп бекер айтпаған. Тұлғаның қалыптасуы ең алдымен оның отбасындағы тәлім-тәрбиесіне байланысты. Әке - асқар тау, ана - мейірім бұлағы, ал бала - отбасының бақыты мен болашағы.

Президентіміздің отбасын қолдау бағытындағы бастамасы – ел болашағы үшін маңызды стратегиялық қадамдардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауларында және әлеуметтік саясатта отбасы институтын нығайту, балаларды қорғау, әйелдер мен жастарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аударып келеді.

Президенттің бұл бағыттағы саясаты нақты істермен дәлелденіп отыр. Соның жарқын мысалы – Алматы қаласында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Ерте араласудың әлеуметтік қызметтер орталығының" ашылуы. Бұл – мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған терең әлеуметтік қамқорлықтың көрінісі. Ерте араласу арқылы балалардың әлеуеті ерте кезеңде анықталып, олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне мүмкіндік туады. Осындай бастамалар отбасы институтын нығайтып қана қоймай, ел болашағы – жас ұрпақтың сапалы дамуына негіз қалайды.
Ерте араласу – бұл дамуында бұзылыстары бар немесе олардың туындау қаупі бар ерте жастағы балаларға (0 жастан 3 жасқа дейін) және олардың отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар мен қызметтердің кешені. Ерте араласудың негізгі мақсаты – бұзылыстардың салдарын барынша азайту, баланың әлеуетін толық дамыту және оны қоғамға бейімдеуге оңтайлы жағдай жасау.

— Ерте араласудың әлеуметтік қызметтер орталығының басты ерекшелігі - тек балалармен жұмыс істемейді, қарапайым күнделікті өмірлік жағдайларда отбасы мүшелерімен бірлесе отырып қарым-қатынас орнатамыз. Ерте араласудың негізгі қағидасы - отбасын қолдау, ата-аналарды көмек көрсету процесіне белсенді тарту, баланың дамуына жағдай жасауға жәрдемдесу.
Тәрбиелі ұрпақ — елдің ертеңі. Ал ел ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақтың бойына ізгілік, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды сіңіруде отбасылық тәрбиенің рөлі зор, — дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының "Ерте араласудың әлеуметтік қызметтер" орталығының әдіскер маманы З.Жайлауова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Нөсерден кейін Алматы коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді

Бүгін 09:30

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Бүгін 09:22

Қазақстандағы ең бай әйел...

Бүгін 09:00

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:45

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Бүгін 08:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика