Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтілуде

Отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтілуде

Экономика 07.08.2025, 11:24 643
Отандық тауар өндірушілерді қолдау күшейтілуде
Алматы әкімдігі

Президент тапсырмаларын орындау аясында отандық тауар өндірушілер энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға белсенді түрде тартылып отыр.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тәжірибелік кезеңі басталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы инфрақұрылым саласындағы бірінші кезектегі мәселелерді шешуге баса мән беріп отыр.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба 2024 жылғы желтоқсанда бекітілді. Ұлттық жобаны құқықтық қамтамасыз ету мақсатында 17 шілдеде Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойып, ол 29 шілдеде күшіне енді. Алдын ала есеп бойынша жобаны бес жылдан аса мерзімде іске асыру үшін 13 триллион теңгеден астам инвестиция тарту қажет. Бұл қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желіні қайта жаңғырту мен жаңадан салуға және жиынтық қуаттылығы 7,3 гигаватт болатын генерациялау көздерін іске қосуға бағытталады.

Қаржы төрт негізгі көзден тартылмақ: отандық және халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қаражаты, сондай-ақ жеке акционерлердің – бизнес иелерінің қаражаты. Ұлттық жобаның пилоттық кезеңіне 35 табиғи монополия субъектісі қатысуда. Қосымша 22 жоба қарастырылу үстінде. Жыл соңына дейін 6 инфрақұрылымдық компания инженерлік желілердің тозу деңгейін «қызыл» аймақтан «орташа» деңгейге дейін төмендетіп, 40%-ға дейін жеткізуі жоспарланған.

Пилоттық режим аясында биылғы жылы 150 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып отыр. Бұл қаражат есебінен 8,5 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу және 42 мыңнан астам жабдықты жаңарту көзделген.

Ұлттық жобада елішілік құндылықты арттыруға да ерекше көңіл бөлінген. Жалпы сомасы 2 трлн 140 млрд теңгені құрайтын 2 786 тауар позициясы бойынша отандық өндірушілерден тұратын 220 компаниядан пул жасақталды. Бұдан бөлек, өңірлік деңгейде лицензия алған 669 EPC-мердігерге талдау жүргізілді. Отандық өндірушілерді қолдау импортқа тәуелділікті азайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық жобаны тиімді жүзеге асырудың маңызды құралы ретінде цифрландыру енгізілуде. Бұл үдерістердің ашықтығын, жұмыстардың мерзімі мен сапасын қадағалауды қамтамасыз етіп қана қоймай, қатысушылар үшін де қолайлы орта қалыптастырады. Қазіргі таңда екі негізгі цифрлық бағыт жүзеге асырылуда: «Самұрық-Қазына» порталы негізінде құрылған Электронды сатып алу платформасы және «SMART TURMYS» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ақпараттық жүйесі. Сонымен қатар, арнайы web-портал мен байланыс орталығы әзірленіп жатыр. Бұл ресурстар арқылы Ұлттық жобаның іске асырылу барысы туралы ақпарат барша азаматқа қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық жобаны #тауар #энергетика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика