AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Отандық ғалымдар КВИ дертіне қарсы ішетін капсула...

Отандық ғалымдар КВИ дертіне қарсы ішетін капсула түріндегі вакцина әзірлеуде

Медицина 04.08.2021, 20:22 1,789
Отандық ғалымдар КВИ дертіне қарсы ішетін капсула түріндегі вакцина әзірлеуде
Ratel.kz

Ғалым Алмаз Шарман «Хабар 24» арнасындағы брифингте мұндай нанокапсула вакциналау процесін айтарлықтай жылдамдататынын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жуырда Израиль әлемде бірінші болып халқына Covid-19 індетіне қарсы пероральды вакцина салатын алғашқы мемлекет болмақ. Бұл туралы Oramed Pharmaceuticals бас директоры Надав Кидрон Jerusalem Post газетіне берген сұхбатында мәлімдеді. Осыған ұқсас нанокапсуланы қазақстандық ғалым Қайсар Табыновтың жасап жатқаны белгілі болды. Бұл туралы Профилактикалық медицина академиясының президенті, американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман айтты. 



«Бұл (нанокапсула әзірлеу – ред. түсіндірмесі) – өте қызық бағыт. Қазір осымен жұмыс істеп жатыр. Өткен ғасырдың 50-жылдары да вакцинаны ағзаға ине арқылы енгізген. Кейін ішінде профессор Чумаков бар бірнеше ғалым капсула түрінде вакцина ойлап тапты. Сол сияқты қазір бірнеше жаңа ұжым осымен жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, мұрынға арналған тамшы түріндегі вакцина жасалмақ. Мұнда үлкен логика бар. Өйткені, коронавирус бірінші кезекте мұрынға жиналады», – деді Алмаз Шарман.



Әрі қарай ол бұл бағыттағы жұмыстарға отандық ғалымдардың да үлес қосып жатқанын айтты. 



«Нанокапсуламен қазір Аграрлық университетте қазақстандық ғалым Қайсар Табынов жұмыс істеп жатыр. Өте қызық бағыт, әзірге толық жүзеге аспады. Бірақ, Израиль, Австралия, АҚШ ғалымдары нақты осы бағытты қолға алды. Ол жасалған бойда екпе егу процесі айтарлықтай жылдам болмақ. Вакцина бұрынғысына қарағанда қолжетімді болады. Бұдан өзге ине, екпе салар кезде тазалықты қамтамасыз ету секілді талаптардан арыламыз. Адам жай ғана капсуланы жұтады. Логистика жағынан ыңғайлы және бұл қосымша қорғаныш қабатының пайда болуына тікелей әсер етеді», – деді маман.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #ғалым #Шарман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);