AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық ғалымдар жатыр мойны обырын анықтайтын ері...

Отандық ғалымдар жатыр мойны обырын анықтайтын ерітінді жасап шығарды

Білім және ғылым 12.11.2021, 11:48 1,824
Отандық ғалымдар жатыр мойны обырын анықтайтын ерітінді жасап шығарды
Сурет: Qazaqtv.com

Ерітіндіні жасап шығару үшін ғалымдар 2 жыл жұмсаған


Ғалымдардың айтуынша, сұйықтықтың құрамы қарапайым. Сапасы шетелдік аналогтан кем емес. Сонымен қатар жергілікті ғалымдардың жетістігі бұл тәуелділіктен құтқарып, қыруар қаржыны үнемдеуге сеп болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.



«Сырттан кіргізетін ерітіндіге келсек, бір флаконның ішінде 17-18 мл болса, біреуінің құны біздікімен салыстырғанда 10 есе қымбат. Біз жасаған құрам бойынша оған бір арнайы реагенттермен біреуге тәуелді деген, ондай жоқ, қарапайым қолжетімді реагенттерден дайындалған», - дейді ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі Қыдырмолла Ақатан.



Ғалымдарға кеңес беріп келген облыстағы онкологиялық диспансер мамандары ерітіндінің тиімділігін жоғары бағалады. Бүгінде қатерлі ісікпен күресетін дәрігерлер жаппай скринингтен өткізу үшін отандық өнімнің қолданысқа енгізілуін күтіп отыр. Мәселен, жыл сайын Шығыс Қазақстан облысында 50 мың адам жатыр мойыны қатерлі ісігін ерте анықтайтын диагностикадан өтеді екен.



«Тұрақтандырғыш ерітіндінің қолдану аясын кеңейту үшін біз қазіргі уақытта дәл осындай қасиеттері бар, яғни фиксациялау қасиетіне тән өзге де биоматериалдарды зерттеп жатырмыз. Сонымен қатар оны тасымалдау мәселесін де қарастырудамыз», - деді университет жанындағы ұлттық ғылыми лабораторияның ғылыми қызметкері Айдана Имашева. 



Айта кетейік, авторлар бұл өнімді жаппай өндіріске енгізуге дайын. Наноөнімге патент алынып, еліміздегі медициналық бұйымдар реестіріне енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Наноөнім #ерітінді #Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);