AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Отандық ғалым көпжылдық бидайды нарыққа шығармақ

Отандық ғалым көпжылдық бидайды нарыққа шығармақ

Білім және ғылым 27.12.2023, 10:40 1,431
Отандық ғалым көпжылдық бидайды нарыққа шығармақ
Сурет: Gov.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор, биология ғылымының докторы Меруерт Құрманбаева 2023 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ғалым байқауға «Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында биоалуантүрлілік пен топырақтың құнарлылығын сақтауда көпжылдық бидайды егіншілікке енгізу» ғылыми жобасын ұсынған.


Жобаның мақсаты – экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді көпжылдық бидайды нарыққа шығару. Жоба жетекшісінің айтуынша, қазіргі таңда біржылдық бидай мол өнім бергенімен, топырақтың бүлінуіне әкелетінін айтады. Сондай-ақ егістік науқанында біржылдық бидайды еккен кезде жыл сайын көп шығын жұмсалады.


Профессор Меруерт Құрманбаева ұсынған көпжылдық бидай топырақтың эрозияға ұшырауынан сақтайды. Сонымен қатар жыл сайынғы жер жырту мен дақылды егу жұмыстарын қажет етпейді.



«Қазақстанның ұлттық брендтерінің бірі – бидай. Көпжылдық бидайды бір рет қана егіп, 5-6 жыл өнім аламыз. Бұл еліміз үшін өте тиімді. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде 40-тан астам зерттеу орталықтары көпжылдық дақылдарды зерттеумен айналысады. Біздің жобамыз Қазақстандағы көпжылдық бидайға жүргізілген тұңғыш зерттеу болып табылады. Қазіргі таңда ғылыми жобамызды нарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Көпжылдық дақылдың біржылдық дақылдан артықшылығы – оларда тамыр жүйесі жақсы дамыған. Бұған қоса, топырақтың сапасын жақсарту, көміртектің сіңуін арттыру, судың енуін қамтамасыз етуде ықпалы зор. Тұқымынан бөлек, жерүсті бөлігі еліміздегі жемшөп тапшылығы мәселесіне оң әсерін тигізетіні айқын», – дейді ғалым Меруерт Құрманбаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #профессор #көп жылдық бидай #нарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика