Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Отандық фармацевтер бірқатар жақпа май мен препара...

Отандық фармацевтер бірқатар жақпа май мен препарат қымбаттауы мүмкін деп дабыл қағуда

Медицина 03.04.2023, 11:15 1,316
Отандық фармацевтер бірқатар жақпа май мен препарат қымбаттауы мүмкін деп дабыл қағуда
Сурет: Qazaq1913.com

Бұл тапсырыспен дәрі-дәрмек дайындайтын дәріханаларға әсер етеді дейді мамандар.


Қазір елде олардың саны 126. Бұл мәселенің туындауына шетелден алынатын фармацевтикалық субстанцияларды тіркеу және сертификаттауды енгізу туралы жаңа жобаның ұсынылуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Ендігі жерде ол құқықтық-нормативтік құжат аясында талап етілмек. Қазір фармацевтикалық субстанциялардың 99 пайызы шетелден келеді. Еуропадан, Ресейден, Қытайдан алынатын дәрі-дәрмек шикізаттары онсыз да халықаралық талапқа сай сертификатталған. Енді оны елімізде қайта тіркеп, сертификаттау ұзақ уақытты алады және өте қымбат. Әсіресе, бұл аз көлемде шығарылатын, сирек кездесетін перпараттарды дайындауда фармацевтерге тиімсіз екен.



«Жаңа жоба қабылданса, біздің дәріханаларымыз жабылады. Себебі бір препаратты жасау үшін қажетті субстанцияларды түгел тіркетіп, сертификаттау қажет. Оның құны өте қымбат және уақыт алады. Салдарынан тапсырысты аз қабылдап, шетелден алынатын субстанцияны да азайтамыз. Бұл жай ғана емес, дәрінің бес есе қымбаттауына әкеліп соғады», - дейді фармацевтикалық компанияның директоры Ольга Цейц.




«Фармацевтердің бұл айтқан уәжі асығыстық. Себебі біз субстанцияларды тіркеу және сертификаттаудың жаңа жобасын бизнес өкілдеріне және мемлекеттік орган ретінде талабымызға қарай ыңғайлап барып қабылдаймыз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басқарма басшысы Эрик Құлшанов. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#фармацевтер #жақпа май #препараттар #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа дейін жеткен

Бүгін 10:48

Алматыда «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» аңызының желісімен сатиралық қойылым өтті

Бүгін 10:18

Оқушылар қайтадан диктант жазатын болды

Бүгін 10:00

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген режимге көшті

Бүгін 09:45

Кімнің несиесі кешіріледі?

Бүгін 09:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика