Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Отандық бизнес өркендейді

Отандық бизнес өркендейді

Жолдау 2023 19.11.2022, 03:37 3,423
Отандық бизнес өркендейді
almaty-akshamy.kz

Алматыда ел Президентінің Жолдауын талқылауға арналған түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.


Жалпы, сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Сондықтан еліміздің болашағын айқындайтын құжатты талқылау барлығымыз үшін маңызды. Алатау ауданы, «Байбесік» ықшамауданында орналасқан «Mebel Laif» ЖШС ұжымында өткен жиын барысында Мемлекет басшысының ауқымды мәселелер бойынша нақты тапсырмалар бергені туралы жан-жақты айтылды.



«Біздің еліміз қазір қайтадан құрылуда. Біз басқа деңгейге жетуге талпыныс үстіндеміз. Елімізде референдум өтті. Көптеген өзгерістер болып жатыр. Бұрын депутаттар халықпен кездесуге жылына бір рет келетін еді. Шыны керек, халық тіпті көптеген депутаттарды білмейтін. Дегенмен, қазір бәрі өзгеріп жатыр. Біз сіздердің қойып жатқан барлық сауалдарыңызды тиісті орындарға жеткіземіз», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Гүлжан Бекенова.



Жиын барысында халықтың тұрмыс жағдайы, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің түрлері туралы кеңінен әңгіме болды. Сөз сөйлегендер Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің дамуы үшін айқын бағыт, басты бағдар болатынын атап өтті.


«Қ.Тоқаев мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту жайына кеңінен тоқталды. Жергілікті билік қызметінің тиімділігін тікелей бағалау бастамасын көтерді. Біз осы Жолдау міндеттері орындалып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, баспана мәселесін шешу сынды тегеурінді басымдықтар жүзеге асқан жағдайда елдің тұрмысы түзеліп, жағдайымыздың жақсаратынына сенеміз. Жолдау болашағымыздың іргесін нықтауға міндеттейді. Ендеше, қуатты Қазақстанды бірге құрып, елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік», – деді Алматы қаласы мәслихатының депутаты Арайлым Шамова. Кездесу барысында депутаттарға көптеген сұрақтар қойылып, нақты жауаптар айтылды. Жиынға қатысушылар мемлекеттің қазіргі қолдауларының арқасында отандық бизнес пен шағын кәсіпкерліктің жақсы дамып келе жатқанына баса тоқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының JOLDA театры Германиядағы халықаралық фестивальге қатысты

Бүгін 17:27

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстаннан кімдер бақ сынайды?

Бүгін 17:14

БҚО-да оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін 16:54

Ұлттық өнердің ұлағатты жолын жалғаған жыршы

Бүгін 16:34

Марал Анарбекқызы: арманнан туған өнер

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика