AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Отандық биатлон тарихында алғаш рет ұлттық құрама...

Отандық биатлон тарихында алғаш рет ұлттық құрама әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Спорт 18.02.2024, 11:14 1,290
Отандық биатлон тарихында алғаш рет ұлттық құрама әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Сурет: Inform.kz

Қазақстан биатлоншылар одағының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Чехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде биатлоннан ерлер құрамасы эстафета сайысында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл жарыста ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Никита Акимов қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты.


Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды.


Владислав Киреев алғашқы жатып ату кезеңінде 3 қосымша оқтың көмегімен, ал тұрып ату кезінде бірден барлық межеге дөп тигізді.


Ол эстафетаны Әсет Дүйсеновке үздік төрттіктің қатарында тапсырды.


Жарыс алаңына шыққан Әсет Дүйсенов бірінші айналымда 2 оғы қиыс кетіп, қосымша оқтың көмегімен барлық нысананы жапса, екінші айналымда мергендік танытып, таза атты.


Дюсеновтен кейін бәсекені алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысушы Никита Акимов жалғастырды.


Ол бірінші айналымда 3 қосымша, екінші айналымда 2 қосымша оқ пайдаланып, команданы үздік ондықтан түсірмеді.


Осылайша жылдың басты старты өз мәресіне жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#биатлон #жетістік #үздік ондық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);