AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны хр...

Осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны христиандарды басып озады

Әлем 05.12.2024, 12:22 1,743
Осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны христиандарды басып озады
Сурет: Islam.kz

Өткен жылдың сәуір айының басында исі мұсылман қарасы, яғни, күллі әлемдегі мұсылмандар саны екі миллиард адамнан асқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мұндай мәлімет Global Muslim Population веб-сайтында келтірілген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News агенттігіне жөн сілтеген IslamNews  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Осылайша мұсылмандар саны 8 млрд-тан көп адамзаттың 25%-нан асқан. Мұсылмандар бүгінде христиандардан кейін екінші орында тұр. Саны жағынан. 

 Pew Research Center орталығының 2017 жылғы болжамына сенсек, осы ғасырдың екінші жартысында мұсылмандар саны христиандарды басып озады. 2035 жылдың өзінде басқа наным-сенім өкілдеріне қарағанда дүниеге келетін балалар арасында мұсылмандар бірінші орынға шығады.

Мұсылмандардың дені басқа құрлықтармен салыстырғанда Азия аймағында ең көп шоғырланған – әлемдегі мұсылмандардың 60%-дан астамы тұрады. Ал мұсылмандар саны ең көп өсіп келе жатқан,  мұсылман еместер тұратын өңірге Еуропа жатқызылған. Бұған миграциялық процестер себеп болып отыр. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесіне сәйкес мұсылмандар саны өзге наным-сенім өкілдеріне қарағанда 70% шапшаң өсіп келе жатыр. Бұған мұсылман елдеріндегі туу көрсеткішінің жоғары болуы ықпал етуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #мұсылмандар #екінші орын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);