AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Осы апта қайда баруға болады?

Осы апта қайда баруға болады?

Не? Қайда? Қашан? 16.06.2025, 12:25 1,031
Осы апта қайда баруға болады?
Алматы әкімдігі

16-22 маусым аралығында қалада қандай іс-шаралар өтеді? Қайда барып демалуға болады? Толығырақ Аqshamnews.kz материалында. 

Концерттер

Осы апта бірнеше концерт жоспарланған: 

  1. 18 маусымда Алматыға кореялық TRENDZ тобы келеді. Олар 2022 жылы ресми түрде дебют жасаған. Билеттер 14 мың теңгеден сатылып жатыр, оны мына жерден ала аласыздар. 

  2. 21 маусымда Ne prosto orchestra ұжымы ретро сүйер қауымға Ne prosto retro  концертін ұсынады. Симфониялық оркестрдің, хордың және солистердің орындауында репертуардан 80-ші жылдардағы ең танымал хиттер орындалады. Билет бағасы 10 мың теңгеден басталады, оны мына жерден ала аласыздар;
  3. 21 маусымда Джаред Летоның тыңдармандарына керемет сый болайын деп тұр. Бұл күні америкалық Thirty Seconds to Mars тобы Алматыда концерт береді. Олар Орта Азияда тек Алматыға соқпақ, сондықтан бұл ауқымды шараны жіберіп алмаңыз! Билет бағасы 50 мың теңгеден басталады, оны мына жерден ала аласыздар;

Театр

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында:

  • 17 маусымда "Махаббат, қызық мол жылдар"
  • 18 маусымда "Ақ кеме" 
  • 19 маусымда "Йерма" 
  • 20, 21 маусымда "Сені сүйемін"
  • 22 маусымда "Оян, қалыңдық" спектакльдері қойылады.

Ал Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуарындағы қойылымдар: 

  • 16 маусымда "Бес бойдаққа бір той" қойылымы Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комеди театрында;
  • 17 маусымда "Қыз жібек" қойылымы Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында сахналанады.

Кино

Алматыда 16-22 маусым аралығында қыдыратын орындардан бөлек, "Нечжа айдаһар патшасын жеңеді", "Материалистер", "Чактың өмірі" фильмдерін тамашалауға болады.

Бұдан басқа

Дүйсенбі-жұма аралығында Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясында экскурсия жасалады. Сағат 9:00-17:00 аралығында киностудия аумағын аралап, тарихымен таныса аласыздар.

21 маусымда қарым-қатынас талқыланатын "Сыр" жобасының YouTube түсірілімі болады. Қонақтар: 15:00-де Жазира Еркін, 18:00-де Жұбаныш Жексен және 21:00-де 91 тобының солисі Асе. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #шара #Концерт #театр #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика