AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Орта Азияда Қазақстан қарызы көп ел атанды

Орта Азияда Қазақстан қарызы көп ел атанды

Экономика 17.10.2024, 12:24 918
Орта Азияда Қазақстан қарызы көп ел атанды
Сурет: Stan.kz

Халықаралық валюта қоры 2024 жылдың соңына таман әлемнің қарызы 100 триллион доллардан асатынын болжап отыр.

Бұл жайында islam.kz порталы kun.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл көрсеткіш әлемдік жалпы ішкі өнімнің 93 пайызына тең. Орта Азия елдерінің ішінде құндық мәнде мемлекеттік қарыздың ең жоғары мөлшері Қазақстанда, ал ЖІӨ-ге шаққанда Қырғызстанда тіркелген. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) 2030 жылға қарай жалпы мемлекеттер қарызы әлемдік ЖІӨ-нің 100 пайызына жетуі мүмкін екенін алға тартып отыр. ХВҚ-ның мәліметінше, демографиялық тенденция, жасыл экономикаға көшу және климат дағдарысына бейімделу және геосаяси шиеленіс жағдайында елдер қорғаныс, денсаулық сақтау салаларына және энергетикалық қауіпсіздікке жұмсалатын қаржыны көбейтуде. Осындай себептер қарыз мөлшерін арттыруға ең көп ықпал еткен факторлар ретінде алға шығады. Осы тұрғыдан алғанда, жаһандық қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы алдағы 5 жылда болжанған деңгейден 10%-ға жоғары болуы мүмкін. Ең нашар сценари бойынша жаһандық мемлекеттік қарыз үш жылдан кейін әлемдік ЖІӨ-нің 115%-на жетеді, бұл қазіргі болжанған деңгейден 20% жоғары. ХВҚ есебіне сәйкес әлем елдерінің үштен екісінде қарыз деңгейі өспейді немесе азаяды Алайда, Америка құрама штаттары, Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Италия және Оңтүстік Африка сияқты елдерде мемлекеттік қарыз жыл сайын өседі. Ал Орта Азия елдеріне келсек, 2024 жылдың қаңтар айының басындағы дерек бойынша мемлекеттер қарызы:

Қазақстан – 59,8 млрд доллар, ЖІӨ-нің 23%-ы (259,3 млрд доллар);

Өзбекстан – 34,9 млрд доллар, ЖІӨ-нің 34,4%-ы (101,6 млрд доллар);

Қырғызстан – 6,2 млрд доллар, ЖІӨ-нің 45,2%-ы (13,7 млрд доллар);

Тәжікстан – 3,6 млрд доллар, ЖІӨ-нің 30,2%-ы (12,1 млрд);

Түркіменстан – шамамен 3,8 млрд доллар, ЖІӨ-нің 5%-ы (75,4 млрд доллар)

Осы орайда әр елдің «мемлекеттік қарыз туралыә заңнамасын болатынын айта кетпекпіз. Онда қарыз алу тетіктері мен шегі белгіленеді. Айталық, елімізде бұл шек жалпы ішкі өнімге шаққанда 27%-дан аспауы тиіс; ал көрші Өзбекстанда - 60 %; Қырғызстанда - 70%. Тәжікстанда - 60 %.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарыз #Қазақстан #Орта Азия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»: Байқау жеңімпаздары анықталды

Бүгін 13:24

Air Astana Наурыз мейрамын жаңа борттық мәзірмен және мерекелік жаңалықтармен қарсы алады

Бүгін 13:16

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика