Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентіндегі №10 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Әйгерім Рахатова Түркияның Анталия қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Altainews.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық додада Әйгерім Рахатова мықты физикалық дайындық пен қайсар мінезін танытып, ел намысын абыроймен қорғады. 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шығысқазақстандық спортшы барлық жекпе-жекте жоғары шеберлік көрсетіп, әлем чемпионы атанды.
ШҚО ТЖД мәліметінше, оның жеңісі азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби міндетті үлкен спорттағы жетістіктермен қатар алып жүре алатынын көрсетті.
Әйгерімнің жетістігі – бүкіл құтқарушылар ұжымы үшін зор мақтаныш.