Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / "Өрнек" этно-лагері ұлттық құндылық пен салауатты...

"Өрнек" этно-лагері ұлттық құндылық пен салауатты өмір салтын насихаттайды

Балалар жылы 26.05.2025, 17:31 796
"Өрнек" этно-лагері ұлттық құндылық пен салауатты өмір салтын насихаттайды
Ернұр РЫСБАЙ

Бүгін №148 мектеп-гимназиясында жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен мәдени мұраны сіңіру мақсатында "Өрнек" атты этно-лагерь өз жұмысын бастады. Бұл бастама оқушыларды ата-баба дәстүрімен терең таныстырып, ұлттық сананы қалыптастыруды көздейді. 

Іс-шараның ашылу салтанаты өте әсерлі өтті. Мектеп ауласында ұлттық киім киген оқушылар ән айтып, домбырамен күй шертіп, халқымыздың бай мәдениетін паш етті. Киіз үй тігіліп, ұлттық қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар бауырсақ, қымыз, ірімшік сынды ұлттық тағам түрлерімен танысып, кейбірін өз қолдарымен дайындап көрді.

Этно-лагерь аясында тек мәдени шаралар ғана емес, салауатты өмір салтын дәріптейтін іс-шаралар да жүзеге асуда. Ашылу күні мектеп ауласында дәрігерлердің қатысуымен арнайы күш-қуатты арттыруға арналған серуен де ұйымдастырылды. "Қазақстан Балалары" атты 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған, 26 мамыр – "Дәрігер балардың жанашыры" атты науқастарды анықтау және алдын алу бойынша дәрігерлердің көшпелі тексерістері жүргізілді. Негізгі мақсаты – балалық шақ мәселелеріне мемлекет тарапынан басымдық берілетінін қоғам санасына сіңіру, оны мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде таныту. Мерекенің негізгі идеясы – әрбір бала өзін қорғалған және маңызды тұлға ретінде сезінетін орта қалыптастыру. Бұл мереке елдің бүгіні мен болашағы балалардың сенімділігі мен амандығына негізделетінін айқындайды. Әр күннің өзіндік мағынасы – олар денсаулық, отбасы, қауіпсіздік және баланың құқықтарын қорғау сияқты маңызды тақырыптарға арналады. 

Шара барысында оқушылар таза ауада түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнап, дене белсенділігімен айналысты. Медицина мамандары балаларға дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және спортпен шұғылданудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат берді. 

"Өрнек" этно лагерінің басты ерекшелігі – ұлттық тәрбиені заманауи әдістермен ұштастыру. Өз кезегінде бұл балалар өздерінің тегін, тарихын, тілін тереңірек түсініп, ұлттық сана-сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар, көшбасшылық, шығармашылық, еңбекқорлық пен жауапкершілік дағдылары дамиды. Бүгінгі таңда жаһандану заманында ұлттық болмысты сақтау – басты міндеттердің бірі. Сол тұрғыда "ӨРНЕК" этно лагері – болашақ ұрпақтың бойына ұлттық кодты сіңіру жолындағы маңызды бастама. Мұндай жобалар арқылы біз ұлттың рухани жаңғыруын іске асырамыз.

"Өрнек" этно-лагері – бұл тек демалыс орны емес, ұлт болашағы саналатын өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына арналған маңызды білім мен тәрбие алаңы. Мұндай жобалар оқушылардың ұлттық болмысын нығайтып, денсаулықтарын жақсартуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #өнер #ұлттық өнер #этно ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18

12 мың бала неге Ұлттық қордан төленетін төлемдерді алмайды?

Бүгін 17:04

Сауд Арабиясы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Бүгін 16:44

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика