конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Ораза–2026: алғаш рет ауыз бекітетіндерге кеңес

Ораза–2026: алғаш рет ауыз бекітетіндерге кеңес

Мұны білген жөн 05.02.2026, 09:02 924
Ораза–2026: алғаш рет ауыз бекітетіндерге кеңес
depositphotos.com

Қасиетті айдың басталуына 2 апта қалды. Алғаш рет ауыз бекітетіндер жандар не білуі керек? Толығырақ aqshamnews.kz материалында. 

Оразаны алғаш рет ұстауға ниеттенген жан үшін оңай болмасы анық. Егер бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  1. Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақытылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  2. Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсулар (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуыз (жұмыртқа, ет, сүзбе) және су ішкен жөн. Ал ауыз ашарда  асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  3. Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс
  4. Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  5. Егер айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, олармен бірге ұстау сізге жеңіл болады.
  6. Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау – ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңістіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Ораза 2026 жылы қашан басталады?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті.

Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Рамазан 2025: Қадір түні қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #Ораза-2026
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Бүгін 19:39

Қазақстан әйелдері көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыруда

Бүгін 19:12

Алматыда өтетін FIDE әлем чемпионатында Оксфорд, Кембридж және Гарвард студенттері бақ сынайды

Бүгін 18:57

Алматыда экология, инклюзия мен қоғамдық бастамалар бас қосады

Бүгін 17:50

Алматыда онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана салынады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);