Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өз сөзім өзімдікі / ОРАЗА АЛДЫНДАҒЫ ОЙЛАРЫМ

ОРАЗА АЛДЫНДАҒЫ ОЙЛАРЫМ

Өз сөзім өзімдікі 29.01.2026, 15:01 182
ОРАЗА АЛДЫНДАҒЫ ОЙЛАРЫМ
интернет
 
 
 
 
19 ақпанда қасиетті Рамазан айы басталады. Осы күні мұсылмандар ораза ұстауға кірісіп, ол 20 наурызға дейін жалғасып, Ораза айт мерекесімен тәмамдалады. Иман келтірген жандар үшін бұл кезең тамақтану тәртібінің өзгеруі ғана емес, ішкі тәртіпке келу, өмірдің үйреншікті ырғағын қайта бағалау және күнделікті күйбеңде кейінге ысырыла беретін рухани құндылықтарға қайта оралу уақыты.
Рамазан тоқтау айы. Бұл тәннің емес, ең алдымен ой мен ниеттің тоқтауы. Адам осы кезеңде күнделікті әдеттің автоматизмінен шығып, өзіне мұқият үңіле бастайды: сөздеріне, іс-әрекетіне, ниетіне, жүрегін не нәрсе қозғап тұрғанына назар аударады.
Сондықтанда Рамазанда адамгершілік мінез-құлықтың мәні айрықша артады. Ораза - таңнан кешке дейін ішіп-жеуден тыйылу ғана емес. Бұл өз-өзіңмен жұмыс, иманды күшейту, сабыр мен өзін-өзі бақылауды дамыту, дөрекіліктен, өтіріктен, өсек пен бос сөзден аулақ болу. Маңыздысы - адамның не жемегені емес, не айтпағаны, не ойламағаны, жүрегіне нені жолатпағаны.
Бұл айда артық тұтыну туралы да ойлану орынды - тек тағамды емес, эмоцияны, ақпаратты, көрсетпелі менмендікті де шектеу қажет. Рамазан өзінің мәні жағынан ішкі тыныштық, жинақылық пен өлшем айы. Ол адамды қажеттіден артық алмауға, барға шүкір етуге үйретеді.
Қазақстандық отбасылар үшін Рамазан дәстүрлі түрде әлеуметтік байланыстарды нығайтатын кезеңге айналады. Бірге ауызашар жасау, жақындарға көңіл бөлу, достарды, көршілерді, әріптестерді үйге шақыру - ораза ұстамаса да, адамға деген құрметтің көрінісі. Ауызашардың құндылығы дастарханның молдығында немесе жұмсалған қаржыда емес, ортақ ас пен қасиетті айдың берекесін бөлісе алуында.
Өкінішке қарай, кейде біз осы мағынаны жоғалтып аламыз. Әлеуметтік желілерде жыл сайын ауызашар дастархандарының сән-салтанатымен жарысқан бейнелер көбейіп келеді. Ауызашарды жарысқа, тіпті бәсекеге айналдыру - оның рухына қайшы. Бір жағынан, мол қаражат жұмсап, екінші жағынан тұрмысына шағымданатын жандарды көру де ойландырады.
Негізінде ауызашар - той емес. Ол - тыныш әрі терең мәні бар рәсім. Мұнда қарапайымдылық, шынайылық және дұға мен ойға көбірек уақыт бөлу маңызды. Көрсетпелі молшылық оразаның негізгі идеясына - сабыр мен шектеуге - қайшы келеді.
Рамазан сыртқы әрекеттер айы емес, ішкі өзгеріс айы. Оның басты мәні де осында: осы ай аяқталған соң адам аз да болса өзгеріп, сабырлырақ, адамдарға мұқият, өз-өзіне адалырақ болып шықса - оразаның жемісі сол. Ал егер ондай өзгеріс болмаса, онда ең маңызды нәрсе назардан тыс қалғаны.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика