конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді

Оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді

Алматы 19.05.2026, 14:39 265 yakiya
Оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді

Оқушыларға «Заң мен Тәртіп» қағидаты түсіндірілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру жұмыстары аясында Алмалы ауданының прокуратурасы жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өткізді.

№216 мектепте өткен іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры Әділет Сыздықов, Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Китокпаев Елібекұлы, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері Жадыраев Демеу Нұрдәулетұлы қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, буллингтің, интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмысының және жасөспірімдер арасында жасалатын өзге де заңға қайшы әрекеттердің алдын алу сияқты өзекті мәселелер қаралады.

Алмалы ауданының прокуроры Әділет Сыздықов жастардың құқықтық санасын ояту, тәртіпті нығайту,, сонымен қатар олардың бойында патриоттық құндылықтар мен азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айтты.

Ал Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев жеке тәжірибесімен бөлісіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін темірдей тәртіптің, қажырлы еңбектің мәні туралы баяндады.

- Бауыржан Момышұлы “тәртіпке бағынған құл болмайды” дегендей, тәртіп пен тәрбие адамның өмірінің бағыт-бағдары болуы тиіс. Үлкенді сыйлап, өзіңнен кішіге ізет көрсету керек. Кішілерге күш көрсетуге болмайды, қайта сол күшті спортқа жұмсаған дұрыс, - деді Демеу Жадыраев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);