Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқушыларға телефон ұстауға тыйым салмақ

Оқушыларға телефон ұстауға тыйым салмақ

Әлеумет 09.03.2023, 17:02 1,090
Оқушыларға телефон ұстауға тыйым салмақ
Сурет: ашық дереккөз


Оқушылардың сабақта телефон ұстауы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен шектелмек. Қазіргі таңда бұл мәселені заңдық тұрғыда реттейтін ешқандай құжат жоқ.



Оқу-ағарту министрі оқушылардың сабақта телефон ұстауын шектейтін бұйрық шығармақ. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұйрық жобасында орта білім беру ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларын балалардың өмірі мен денсаулығы үшін педагогтер мен ата-аналардың жауапкершілігін жүктеу туралы тармақтармен толықтыру көзделген.



«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», – деп жазылған жобада.




Сонымен қатар, құжатта білім беру ұйымынан тыс болған кезде оқушының өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері жауапты болатыны жазылған. Яғни, сабаққа дейін, сабақтан кейін, демалыс уақытында балаларға қатысты жауапкершілік ата-аналарға немесе заңды өкілдерге жүктеледі. Бұл баланың өмірі мен қауіпсіздігі үшін мектептің жауапкершілігінің шекарасын анықтау мақсатында енгізілгелі отыр. Сондай-ақ, құжат жобасына сәйкес, теріс қылықтар жасаған, мектептің ішкі тәртіп қағидалары талаптарын бұзған оқушыны сабақтардан шеттетуге, сондай-ақ ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қасында еріп жүруінсіз білім беру ұйымынан шығаруға жол берілмейді. Білім беру ұйымы қажет болған жағдайда ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді мектепке шақырып, болған жағдай туралы хабардар етеді және тиісті шаралар қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#телефон #оқушы #сабақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика