Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАТЫРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАТЫРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлығы 20.01.2026, 22:13 267
ОҚУШЫЛАР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАТЫРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматы қаласының Алатау ауданындағы №210 мектеп-лицейінде Ұлттық ұлан батырларына арналған «Ерлік сабағы» өтті. Іс-шараға ІІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, Ұлттық ұлан батыры майор Жандос Баянбаев арнайы шақырылды.

Кездесу барысында алдымен оқушыларға майор Жандос Баянбаевтың ерлігі туралы түсірілген деректі фильм көрсетіліп, батырдың өмір жолы мен қызметтегі ерлігі таныстырылды. Бұдан кейін ол оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, әскери қызмет барысындағы бастан өткерген оқиғаларымен бөлісті, сондай-ақ оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

«Ерлік сабағына» алғашқы әскери және технологиялық дайындықтан өтіп жатқан жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мектептегі «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері қатысты. Сабақ Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбында» ашық сабақ форматында ұйымдастырылды. Іс-шараны мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі, запастағы полковник Ниязтай Әлкешев өткізді.

Кездесу соңында №210 мектеп-лицейдіңдиректоры Гүлнара Ахметова құрметті қонақ Жандос Баянбаевқа алғыс хат тапсырып, жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге қосып жүрген үлесі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының отансүйгіштік тәрбиесіне атсалысып жүрген Ұлттық ұлан әскери қызметшілеріне алғыс айтты.

– Жақында мектебімізде Ұлттық ұлан батырлары атындағы «Ерлік сыныбы» ашылды. Сол батырлардың бірі Жандос Баянбаевпен кездесу өткізу – біз үшін үлкен мәртебе. Кітаптан немесе журналдан оқу бір бөлек, ал нағыз батырмен жүздесіп, оның ерлігі мен қызмет жолын өз аузынан есту – оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Сабақ барысында Ұлттық ұланның негізгі міндеттері мен әскери қызметтің маңызыкеңінен түсіндірілді. Бұл кездесу балалардың жадында ұзақ сақталатынына сенімдімін, – деді мектеп директоры Гүлнара Ахметова.

Өз кезегінде «Жас сарбаз» сыныбының оқушысы Дінмұхамед Мұрат та алған әсерімен бөлісті.

– Батыр ағамыздың әңгімесі өте қызықты әрі әсерлі болды. Мен Ұлттық ұланның қандай қызмет атқаратынын жақсы түсіндім. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін, батылдықты қажет ететін қызмет екен.

Болашақта мен де осындай әскери қызметші болғым келеді, – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Батыр #оқушылар #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін 20:24

Алматы әкімдігінің өкілдері Абай шағынауданын неге жеке тұрғын үй құрылысы аймағына ауыстырмайтынын түсіндірді

Бүгін 18:34

Дархан Сатыбалды Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Бүгін 18:31

Саясатта 17%, ғылымда 51%, кәсіпкерлікте 48%: Қазақстандағы әйелдер үлесі қанша?

Бүгін 18:17

Мәжіліс төрағасы әріптестерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі