Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқушылар сарайы: Көпті толғантқан гранит жиектаста...

Оқушылар сарайы: Көпті толғантқан гранит жиектастары қайта орнатылады

Әлеумет 12.07.2022, 02:35 1,093
Оқушылар сарайы: Көпті толғантқан гранит жиектастары қайта орнатылады
сурет: Almaty.tv

Соңғы нұсқа ресми бекітілді


Соңғы нұсқа жұрттың талқылауынан өтіп, заңнамада белгілінген тәртіппен ресми бекітіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Саябақта салынатын нысандар бүгін белсенді азаматтарға да егжей-тегжейлі түсіндірілді. Оқушылар сарайының алаңында атқарылар жұмыстың үлгісі таныстырылып, жиналғандар нақты мәлімет алды. Мәселен, жаңа жобаға сәйкес, аталған аумақта 192 көше шамы мен 21 жарықшамды ауыстыру жоспарланса, одан бөлек 5442 көшет отырғызу да көзделген. Атқарылар жұмыстың қатарында 71 орындық пен 64 қоқыс жәшігін орнату да бар.



«Бүгін бәріміздің жиналуымызға бір ғана себеп бар. Ол – саябақтың тарихи келбетін сақтауды талап ету. Әрине, бүгін біз танысқан жұмыстың жобасы бұрынғысынан бөлек екенін көрдік. Егер тұрғындарға қолайлы жағдай жасалса, неге қолдамасқа», – деді белсенді Тимур Елеусізов.



3 жыл бұрын көпшіліктің назарына ұсынылған жобаға бұл жолы біршама өзгерту енгізілген. Соңғы нұсқа жұрттың талқылауынан өтіп, заңнамада белгілінген тәртіппен ресми бекітіліп отыр. Ал көпті толғантқан гранит жиектастары ескерткіштердің маңы мен орталық аллеяға қайта орнатылады.



«Қоғамдық кеңестің шешімімен арнайы мониторингтік топ жұмыс істейді. Сол арқылы апта сайын мұндағы атқарылып жатқан істің жай-күйімен танысып отырамыз. Әрине, жұмысты қадағалайтын негізгі мамандар бар. Сондай-ақ қала тұрғындарының да хабардар болып отыруына жағдай жасалған», – деді қоғамдық кеңестің төрайымы Алтынай Көбеева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушылар #сарай #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылғы ақпанда жылдық инфляция 11,7%-ға жетті

Кеше 22:01

Президент Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты кешке арнайы құттықтау хат жолдады

Кеше 21:53

Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Кеше 19:12

Денсаулық үшін күнделікті қанша су ішу қажет?

Кеше 18:03

Қазақстандағы Алғыс айту күніне ұқсас әлемдегі мерекелер

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі