AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылар пилотсыз автомобиль мен мейірбике-робот...

Оқушылар пилотсыз автомобиль мен мейірбике-робот құрастырды

Білім және ғылым 10.05.2022, 11:00 1,645
Оқушылар  пилотсыз автомобиль мен мейірбике-робот құрастырды
Сурет: Inform.kz

Қарағандылық оқушылар WRO-2022 робототехника бойынша Ұлттық олимпиадада өнертабыстарын таныстырды


Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен WRO-2022 робототехника бойынша Ұлттық олимпиаданың аймақтық кезеңіне өңірден 27 команда қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Командалар үш жас санатында төрт бағыт бойынша жарысты: RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future engineers.



«Олимпиада «My robot - my friend» тақырыбына арналған және адамның күнделікті өмірінде жасанды интеллектті қолдануға бағытталған», деп атап өтті ұйымдастырушылар.



Нұра ауданынан келген «Тассуат» командасының қатысушылары Артём Бирюков пен Дмитрий Попов мейірбике-робот жасап, Future Innovators кіші шығармашылық санатында жеңіске жетті.



«Идея өткен жылдың қыркүйек айында, пандемия кезінде пайда болды. Мейірбике-роботты жасау үшін екі жарым ай қажет болды. Біз оны мектептің кіреберісіне қойдық. Робот адамның температурасын байланыссыз өлшеп, айта алады, қолды антисептикпен өңдей алады», - деді команда жетекшісі, мектеп мұғалімі Павел Бирюков.



Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың «64 bit» командасы пилотсыз автомобиль моделін жасап, жеңіске жетті.



«Менің оқушыларым Арынғазы Бағдаулет пен Әлихан Сейітқали Future Engineers санатында бірінші орын алды. Балаларға кедергілері бар маршрутты еңсеруі тиіс пилотсыз автомобиль моделін жинау міндеті қойылды», - деп атап өтті команда басшысы Айдар Сейілханов.



Қазылар алқасы барлық төрт санат бойынша жеңімпаздарды іріктеді. Үздік командалар сертификаттармен марапатталды және маусым айында өтетін WRO-2022 ұлттық кезеңінде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.







Телеграм арнаға жазылыңыз
#робот #Өнертабыс #оқушылар #қарағанды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика