AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқушылар арасындағы XI республикалық «Ақберен» өне...

Оқушылар арасындағы XI республикалық «Ақберен» өнер байқауы мәресіне жетті

Білім және ғылым 20.11.2024, 10:30 1,541
Оқушылар арасындағы XI республикалық «Ақберен» өнер байқауы мәресіне жетті
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі

XI республикалық «Ақберен» өнер додасы 8-11(12) сынып оқушылары арасында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар халық аспаптарын меңгеру шеберлігі, шешендік өнер, білім сайысы, эссе жазу, айтыскер ақындар сайысы, сондай-ақ поэзия байқауында бақ сынасты.

«Ақберен» – жыл сайын еліміздің ең шығармашыл және дарынды оқушыларының басын қосады. Бұл тек өнер жарысы ғана емес, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берудің жарқын үлгісі», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Гаждембек Тұрсынов.

Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 66 қатысушы жеңіске жетті және олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар «Ең үздік команда» номинациясында І дәрежелі дипломға Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары, Абай атындағы мектеп-интернаты ие болды. Сондай-ақ Павлодар облысы мен Астана қаласы ІІ орынды, ал Абай, Алматы және Жамбыл облыстары ІІІ орынды иеленді.

Атап өту керек, бүгінгі күні елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға және қолдауға белсенді түрде жағдай жасалып келеді. Мәселен, зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары беріледі, түрлі олимпиадалар мен байқаулар өткізіліп, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдауға квота бөлінеді, сондай-ақ халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақберен #өнер сайысы #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 17:31

«Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Алматыда студенттермен Президент айқындаған құндылықтар талқыланды

Бүгін 17:19

Алматылық дәрігерлер 33 жастағы пациенттің көзін сақтап қалды

Бүгін 17:12

Alma Qala Fest аясында екі күн қатарынан өтетін алма жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам түрлі алма сорттары ұсынылады

Бүгін 16:17

Есентай жағалауы бойында арт-нысан жасау туралы ақпарат

Бүгін 16:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);