AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

Оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады

Медицина 06.03.2024, 12:20 1,375
Оқушы қыздарға жаңа вакцина салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қыркүйекте оқушы қыздарға жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусына қарсы екпе салынады деп жоспарланып отыр.



350 000 екпе дозасы 9 млрд теңгеге сатылып алынады. Ол 170 000 адамға жетеді. Екпе екі рет салынады. Бұл вакцина жатыр мойны обырын тудыратын папиллома вирусының алдын-алу үшін салынады. Вакцинаның маңыздылығы туралы «Біздің дәрігер» жобасына сұхбат берген жоғары санатты онкогинеколог Бақытжан Әлібекова түсіндіріп берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Дәрігердің айтуынша, елімізде әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын шамамен 1800 әйелге жатыр мойны ісігі диагнозы қойылады. Оның ішінде шамамен 600 қыз-келіншек осы дерттің құрбаны болады. Сондықтан жатыр мойны обырының профилактикасы ретінде салынатын папиллома вирусына қарсы салынатын екпеден қорықпау керек.


Бұл екпе неге 11 жасар оқушыларға салынады деген сауал ата-аналарды алаңдатып отыр. Себебі аталмыш вакцинаның ережесі бойынша қыздар жыныстық-қатынасқа түспей тұрып салынуы керек. Екпе оқушы қыздардың ата-анасының рұқсатымен ғана салынады.


Адам папиллома вирусына қарсы вакцина әлемнің 100-ден аса елінде оқушыға қыздарға салынады. Кей мемлекеттерде екпе ұлдарға да салынады. Осы вакцинаны арқасында жатыр мойны обырына шалдығатын әйелдердің саны 80-90% төмендеген. Ал көрші мемлекеттер Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанда да оқушы қыздар жасына сай екпе алып жүр. Біз вакцинадан емес, ауру тудыратын вирустан қорқуымыз керек дейді онкогинеколог. Әйелдер ауруды ерте анықтау үшін уақытылы скринингтен өтуі маңызды. Өйткені жатыр мойны обыры 3 — 4 сатыға өткен кезде онымен күресу қиын және ол өмірді қысқартатынын естен шығармау керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #қыздар #Жатыр мойны обыры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика