AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілді

Оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілді

Білім және ғылым 24.07.2023, 05:47 1,415
Оқулықтардың 80% цифрлық форматқа көшірілді
Сурет: Turkystan.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз  қызметі мәлімдеді.


Бүгінде цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Цифрлық оқулықтарды әзірлеуге еліміздің 11 баспасы тартылды. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында педагогтер үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленген.



«Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының – 94 пайызы, 5-9 сынып оқулықтарының – 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілді. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған», – дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.



Электрондық оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылып келеді. Қазіргі күні 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.


2023 жылдың басынан цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса видеосабақ жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқулықтар #цифрлық формат #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);