Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оқу-ағарту министрлігі Қырғызстанда жүрген 5 балан...

Оқу-ағарту министрлігі Қырғызстанда жүрген 5 баланы елге қайтарды

Әлеумет 06.10.2022, 12:16 1,089
Оқу-ағарту министрлігі Қырғызстанда жүрген 5 баланы елге қайтарды
Сурет: Ашық дереккөзі

2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған


Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген. 2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылды.



«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың мүддесі үшін ауқымды жұмыс атқарып жатыр. 2022 жылдың басынан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан барлығы 5 кәмелетке толмаған баланы, соның ішінде 3 қыз және 2 ұл баланы елге қайтарды. 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды», – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.



Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары аяқталды/немесе жүргізіліп жатыр.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы кәмелетке толмағандарды тұрақты тұратын мемлекеттеріне қайтару мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша балаларды қайтаруға қолдау көрсетеді.


Қазақстан Республикасы азаматтарынан тағы өтініштер түскен жағдайда мұндай жұмыстар жалғасын табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қырғызстан #шекара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қамзол қайда, Ақбоз ат?

Бүгін 17:59

Енді пәтерге тіркеуге шектеу енгізілуі мүмкін

Бүгін 17:52

Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі көбейеді

Бүгін 17:20

«Информбюроға» 30 жыл! Көрерменмен қайта жүздесу

Бүгін 16:42

Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика