AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын...

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Құрылтай 23.08.2026, 16:53 285
Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқаннан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де қалыс қалмай, таңдау жасады.

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдеріндегі сайлау учаскелері таңғы сағат 06:00-де жұмысын бастады.

Құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы дауыс беруге белсенді қатысып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерінің ерекшелігіне байланысты сайлау учаскелерінде дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде орналасқан №107 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Шекарбеков келіп, дауыс берді.

Жалпы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер әскери қалашықтар аумағында орналасқан 9 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс берушілер арасында сайлауға алғаш рет қатысқан жас сарбаздар да бар. 18 жасқа толып, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табысталды.

Солардың бірі 5571 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Марғұлан Құралбай.

– Алғаш рет сайлауға қатысып отырмын. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде елімізде оң өзгерістер болғанын қалаймын. Сондықтан бүгін азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін таңдау жасадым, – дейді жас сарбаз.

Құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы қоғамдық-саяси науқанға қатысумен қатар, өздеріне жүктелген қызметтік-жауынгерлік міндеттерін жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 18:42

Жүргізуші куәлігін алу емтиханының тәртібі өзгереді

Кеше 16:12

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Кеше 16:00

Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды

Кеше 14:50

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кеше 14:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);