AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Оңтүстік» саябағының жанында жаңа жасыл аймақтың...

«Оңтүстік» саябағының жанында жаңа жасыл аймақтың құрылысы басталды

Әлеумет 18.07.2025, 12:43 755
«Оңтүстік» саябағының жанында жаңа жасыл аймақтың құрылысы басталды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласындағы «Оңтүстік» саябағының солтүстік бөлігінде жаңадан жасыл кеңістік құрыла бастады. Жоба табиғи орта пен тарихи сәулетті сақтай отырып іске аспақ. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменов осылай деді.

Алматыдағы «Оңтүстік» саябағының жанында 4,1 гектар аумақта жаңа жасыл аймақтың құрылысы басталды. Жоба табиғи орта мен бар ағаштарды сақтай отырып, жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған.

«Бұл аумақ бұрын қараусыз жатқан. Алматы қаласының әкімдігі осы жерді қалпына келтіруді шешкен соң, біз бұл аумақты сатып алып, құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісіп кеттік», - дейді басқарманың басшысы.

Абаттандыру аясында тарихи құндылығы бар нысандарды сақтау мақсатында бар құрылымдарды жөндеп, қалпына келтіріп, ескірген шағын сәулеттік формаларды жаңа әрі ықшам элементтерге ауыстырмақ. Жоба шеңберінде биіктігі 4–4,5 метр болатын 120 үлкен көшет егіледі, оның ішінде 40 каштан, 40 жөке ағашы мен 40 кәдімгі қарағай бар.

Аумақ 48 орындықпен, 48 қоқыс жәшігімен, 167 жарық бағанымен және 30 көше бейнебақылау камерасымен жабдықталады. Сонымен қатар жаяу жүргінші жолдары салынып, балалар мен спорт алаңдары, жаңа шағын сәулеттік формалар орнатылады. Жобаны жүзеге асыру қаланың жасыл қорын сақтап қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалып, серуендейтін орта қалыптастыруға мүмкіндік бермек.

«Саябақ бәріне қолайлы болады. Бұрын қараусыз қалған аумақ балалар мен қарттарға қауіптірек болатын: Қалада саябақ жетіспейтіндіктен, сондықтан оны абаттандыруға мәжбүр болдық», – деп атап өтті Батырхан Сүлейменов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #саябақ #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика