ffin.kz

Онлайн санақта Алматы облысы көш бастап тұр

Онлайн санақта Алматы облысы көш бастап тұр Сурет: Abai.kz

Алматы облысы онлайн санақта алда


Жалпыұлттық санақтың  екі апталық онлайн кезеңінде респонденттердің басым бөлігі sanaq.gov.kz сайтын пайдаланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлім етті.



«15 қыркүйек сағат 14:00-дегі жағдай бойынша, 3 024 216 респондент онлайн санақтан өткен. Олардың 2 607 643-і sanaq.gov.kz сайтында, 297546 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 119027 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.



Ресми мәлімет бойынша, онлайн санақтың алғашқы қорытындысы бойынша Алматы облысы алда келеді.



«Қазіргі уақытта Алматы облысы алда. Мұнда 313919 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Алматы қаласында онлайн санақтан өткен 278 432 адам тіркелген. Үздік үштікті Түркістан облысы түйіндеді. Мұнда 247175 адам санақ сауалдарына онлайн режимде жауап берді. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Атырау және Маңғыстау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 79 881 және 71 886 адам санақтан өтті», - делінген ведомствоның ақпаратында.



Ал, жергілікті халық санына шаққанда санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 28,6%-ы онлайн санаққа қатысқан. 1 тамыздағы жағдай бойынша, өңірде 823 052 тұрғын бар. Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 24,7% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен. 1 тамыздағы жағдай бойынша, өңірде 749754 адам тіркелген», - деп жазады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04