AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Онлайн орта және бала тағдыры

Онлайн орта және бала тағдыры

Әлеумет 28.01.2026, 10:34 246 Роза Рақымқызы
Онлайн орта және бала тағдыры
Сурет: astanazan.kz

Бүгінде интернет балалар мен жасөспірімдердің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн білім алу, қарым-қатынас орнату, бос уақытты тиімді өткізу мүмкіндіктерімен қатар, цифрлық орта жаңа қауіптерді де ала келді. Солардың бірі – кибербуллинг, яғни интернет арқылы қорлау, қоқан-лоққы көрсету, кемсіту. Бұл құбылыс соңғы жылдары ата-аналарды ғана емес, педагогтер мен психологтерді, мемлекеттік органдарды да алаңдатып отыр.

Осыған байланысты Қазақтан Парламентінде және қоғамдық ұйымдар арасында балаларды кибербуллингтен қорғау мәселесі жиі көтеріліп келеді. Заңнамалық бастамалар мен қоғамдық талқылаулар барысында түрлі сала өкілдері нақты ұсыныстарын ортаға салуда.

Қоғамдық белсенділер кибербуллингті жеке мінез-құлық мәселесі ретінде ғана емес, баланың құқығын бұзатын әлеуметтік қауіп ретінде қарастыру керек деп есептейді. Олардың айтуынша, ең басты мәселенің бірі –  заңнамада бұл ұғымның нақты әрі түсінікті анықтамасының болмауы. Яғни қандай әрекет кибербуллингке жатады, қандай жағдайда жауапкершілік туындайды – мұның барлығы заң жүзінде айқындалуы тиіс.

Сонымен қатар, жәбірленушіні қорғаудың жедел тетіктерін енгізу ұсынылады. Яғни бала немесе ата-ана шағымданған сәттен бастап, зиянды контентті тез арада жою, агрессордың аккаунтын уақытша шектеу, психологиялық көмек көрсету секілді шаралар кешіктірілмей жүзеге асуы қажет. Белсенділер әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалардың да бұл үдерістегі жауапкершілігін арттыруды маңызды санайды.

·        Алдын алу – ең тиімді жол

Білім беру саласының өкілдері кибербуллингпен күресте алдын алу жұмыстарының рөлі ерекше екенін атап өтеді. Мұғалімдер мен әдіскерлер мектеп бағдарламасына цифрлық қауіпсіздік, интернеттегі этика және онлайн мінез-құлық мәдениетін енгізу қажеттігін алға тартып отыр. Былайша айтқанда, балаларға тек тыйым салу емес, интернетті қауіпсіз қолдану дағдыларын үйрету маңызды.

Сондай-ақ, мектептерде кибербуллинг жағдайына арналған нақты әрекет ету алгоритмі болуы тиіс. Бала онлайн қысымға ұшыраса, кімге жүгінеді, мектеп қандай шара қолданады, психолог пен ата-ана әрекеті қандай болуы шарт – осының бәрі жүйелі түрде белгіленуі қажет. Педагогтер мұғалімдердің өздерін де арнайы даярлау керек екенін айтады, себебі баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау көп жағдайда мәселенің ушығуына жол бермейді.

Психологтер кибербуллингтің сырт көзге байқалмайтын, бірақ терең психологиялық салдарына назар аудартады. Онлайн қорлау баланың өзін-өзі бағалауына, сеніміне, эмоционалдық тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан мектептерде психологиялық көмектің қолжетімді әрі құпия түрде көрсетілуі аса маңызды. Олардың айтуынша, жәбірленушіні кінәлау немесе «өзің себепкер болдың» деген көзқарас жағдайды одан әрі ушықтырады. Сонымен қатар, кибербуллинг жасаған балалармен де түзету бағытындағы жұмыс жүргізу қажет. Себебі агрессия көбіне ішкі күйзеліс пен шешілмеген мәселелердің көрінісі болуы мүмкін.

Елімізде балаларды кибербуллингтен қорғау мәселесі біртіндеп жолға қойылып келеді. Қоғамдық белсенділер құқықтық тетіктерді күшейтуді, білім беру саласының мамандары алдын алу шараларын жүйелеуді, ал психологтер баланың ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді алға тартып отыр. Сарапшылардың ортақ пікірі «бұл мәселе тек тыйым салумен немесе жазалаумен шешілмейді» дегенге саяды.

Баланың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігі – заң, білім және психологиялық қолдаудың бірлескен жұмысына тікелей байланысты. Осы үш бағыт үйлесімді жүзеге асқанда ғана интернет баланың қалыпты дамуына қауіп төндіру емес, керісінше мүмкіндік туғызу алаңына айналмақ.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн орта #бала #Тағдыр #Кибербуллинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика