Өңірлік қауіпсіздікті нығайтуда медианың рөлі артып келеді

  • 15:29, 18 қараша 2025
Өңірлік қауіпсіздікті нығайтуда медианың рөлі артып келеді facebook.com/Naziya Zhoyamergenkızı

Алматыда өткен "Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер" атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер Медиа форумы өңірлік қауіпсіздік, ақпараттық саясат және қазіргі медианың жаңа міндеттерін талқылаған маңызды алаңға айналып келе жатыр. Бұл жолғы форумға да Қазақстан, Түркия, Орталық Азия елдері мен Еуропадан жетекші БАҚ басшылары, журналистер, сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, депутаттар, медиа менеджерлер және жас мамандар қатысты.

Жиында медиа саласының өңірлік тұрақтылықты сақтаудағы рөлі ерекше атап өтілді. Германиядағы Түрік медиасы ассоциациясының сарапшысы Аднан Өзтүрктің айтуынша, қазіргі әлемде медиа тек ақпарат таратушы ғана емес, халықтар арасындағы сенім мен диалогты қалыптастыратын, кейде керісінше, шиеленіс туындатуы мүмкін күшке айналып отыр.

"Медиа - жүректер арасындағы көпір. Егер біз ақпаратты дұрыс жеткізсек, қоғамдағы қорқыныш азаяды, ал жалған ақпарат көбейсе, оның салдары ауыр болады", - деді сарапшы. 

Ол Кавказдағы қақтығыс кезінде желіде тараған фейктердің этносаралық өшпенділікті күшейткенін, ал кәсіби медианың тексерілген ақпарат арқылы жағдайды жұмсартуға үлес қосқанын мысалға келтірді. Аднан Өзтүрк Таяу Шығыстағы диалогтық тележобаларды да атап өтті. Бір телеарна жас буынды ортақ студияға жинап, ашық әңгіме жүргізген.

"Жастар бір-біріне қарсы тарап емес, ортақ аймақтың балалары ретінде сөйлесті. Бұл миллиондаған көрерменнің санасындағы стереотиптерді бұзды", - деді ол. 

Сарапшы медианың негізгі миссиясы адам тағдырын қорғау, қоғамдағы түсіністі нығайту екенін атап өтті. "Медиа қорқыныш тудырмауы керек. Нағыз қауіпсіздік ананың көз жасын, баланың қорқынышын, жастың үмітін шынайы көрсете білуде жатыр. Шынайы журналист - адамды қорғаушы" деген ол баспа басылымдарының қазіргі жағдайы, цифрлық медианың ықпалы және Германиядағы дәстүрлі газет нарығындағы өзгерістер туралы кеңінен баяндады. Ол журналистикадағы 40 жылдан астам тәжірибесі арқылы саланың рухани жауапкершілігі екенін жеткізді.

"Журналистика күнделікті суға жазылып жоғалатын дүние емес, уақытқа, тарихқа жазылатын аманат. Бұл салада біз әрдайым адал еңбек етіп, қызғанышқа жол бермей, кәсіби мәдениетті басты орынға қойдық", - деді ол.

Сарапшы Германиядағы және жапон газет нарығындағы ерекшеліктерге тоқталып, цифрлық дәуірде дәстүрлі баспасөздің маңызы кемімеу керек екенін айтады. Газеттердің жабылуы, интернеттегі ақпараттың осал тұстары, сайттарға жасалатын шабуылдар туралы айта келе, медианың сенімділігі тек баспасөз мәдениетін сақтаумен байланысты екенін мәлім етті. 

Оның айтуынша, интернет толық сенім артар орта емес. Себебі бір ғана шабуыл адамның жылдар бойғы жұмысын құртады. Сондықтан газет - жауапкершілік пен сенімділіктің символы. Газет жоғалса, пікір, талдау, ой жоғалады. Сондай-ақ ол Германияда енгізіліп жатқан корпоративтік және жеке жазылым жүйелерінің тиімділігіне тоқталып, баспасөзді қолдау қоғамды қолдау екенін айтты.

"Газет - мектеп. Ол адамды тәрбиелейді, ой қалыптастырады, қоғам айнасы болып қала береді", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:50

12:33

12:16

12:01

11:44

11:27

11:16

10:56

10:47

10:29

10:13

10:10

10:04

09:57

09:47

09:33

09:25

09:14

08:46

08:33

17:45

16:53

16:16

15:39

15:11