AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

Әлеумет 30.09.2024, 17:45 2,311 dulatbekova
Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
Сурет: Gov.kz

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі астық егетін өңірлерде Қазақстанда 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда – майлы дақылдарды жинау жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өнімді кептіру агрегаттары үшін арзандатылған дизель отыны мен сұйытылған газды тиеп, жөнелту және 4-сыныпты арпа мен бидайдың бағасы – жедел штаб отырысында қаралған негізгі мәселелер болды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов хабарлағандай, 27 қыркүйекте элеваторларға 3,376 млн тонна астық түсті, оның 2,476 млн тоннасы – бидай. Бидайдың жалпы көлемінде 1,4 млн тоннасы 3-сыныпты бидай (56,2%), 701,4 мың тонна – 4-сыныпты (28,3%), 263,1 мың тонна – 5-сыныпты (10,6%) астық. Қамбаға түскен арпаның 95%-ға жуығы – 2-сыныпты арпа. 

4-5 сыныпты бидай жинауды ұлғайту перспективасын ескере отырып, шаруалар осы астықтың форвардтық сатып алу бағасын мүмкіндігінше ерте жариялауды сұрап отыр. Серік Жұманғарин Азық-түлік корпорациясына келесі аптада форвардтық сатып алу бағасын жариялауды тапсырды.

Негізгі астық егетін өңірлерге астық кептіру агрегаттарының жұмысы үшін арзан бағада сұйытылған газ жеткізу басталды. Өнімді жинап, кептіруге қажетті дизель отынын тиеп жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Күзде топыраққа енгізу үшін қажетті минералды тыңайтқыштарды жөнелту барысы жеке қарастырылды. Жалпы жоспардың 84%-ында жөнелту төмен қарқынмен жүріп жатқан өңірлер бар. Вице-премьер шаруалар тыңайтқыштарды уақытында қолдану үшін жұмыс үдерісін жеделдетуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы #дәндә дақылдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);