AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Өнер ұрпақты біріктіреді: «Асыл аналар» Алматы сай...

Өнер ұрпақты біріктіреді: «Асыл аналар» Алматы сайлаушыларына мерекелік көңіл күй сыйлады

Сайлау 2026 Бүгін 14:15 26
Өнер ұрпақты біріктіреді: «Асыл аналар» Алматы сайлаушыларына мерекелік көңіл күй сыйлады

Алматыдағы Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында орналасқан Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығының маңындағы №650 және №683 сайлау учаскелерінің жанында «Асыл аналар» ардагерлер шығармашылық ұжымының концерті өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұжым мүшелері ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге арналған музыкалық және әдеби шығармаларды көпшілік назарына ұсынды. Концерттік бағдарлама аясында Мұқағали Мақатаевтың поэмасынан үзінді оқылып, Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні орындалды. Сонымен қатар қазақтың термелері мен «Менің Қазақстаным» композициясы шырқалды.

Ұжым мүшелері қала тұрғындары алдында өнер көрсетіп қана қоймай, өздері де мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, дауыс берді.

«Біз, Наурызбай ауданының ардақты аналары, бүгін, 29 қарашада мәслихат депутаттарының сайлауына бір кісідей жұмылып, дауысымызды беруге келдік», – деді ұжым ұйымдастырушысы Кәмиля Нұрпейісова.

Оның айтуынша, «Асыл аналар» шығармашылық тобы «Ана тағылымы» бірлестігінің құрамына кіреді. Ұжым Наурызбай ауданының аға буын өкілдерінен құралған.

Өнерпаз аналар қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізуге ерекше көңіл бөледі. Олар ұлттық киім, би, ән және әдеби шығармалар арқылы халқымыздың мәдени мұрасын кеңінен насихаттап келеді.

Көрермен өнерпаздарды жылы қабылдап, олардың шынайы орындаушылық шеберлігіне, концерттік бағдарламаның мазмұнына және халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігіне жоғары баға берді.

Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық көлікте жол жүру тегін.

Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді  

Бүгін 14:25

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпарат

Бүгін 14:21

«Дауысым ел болашағы үшін маңызды»: алматылық сайлауға қатысу себебін айтты

Бүгін 14:18

Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асыл Айтақын Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Бүгін 14:12

Дауыс беруден еркін әңгімеге дейін: Алматыдағы сайлау учаскелерінде зияткерлік ойындарға арналған демалыс орындары ұйымдастырылды

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);