AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Дауыс беруден еркін әңгімеге дейін: Алматыдағы сай...

Дауыс беруден еркін әңгімеге дейін: Алматыдағы сайлау учаскелерінде зияткерлік ойындарға арналған демалыс орындары ұйымдастырылды

Сайлау 2026 Бүгін 14:10 29
Дауыс беруден еркін әңгімеге дейін: Алматыдағы сайлау учаскелерінде зияткерлік ойындарға арналған демалыс орындары ұйымдастырылды

Алматының Жетісу ауданындағы Автомеханикалық колледжде орналасқан №322 және №350 сайлау учаскелерінде тұрғындарға арнап шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындарынан арнайы бағдарлама әзірленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мұнда дауыс берген соң тұрғындардың жүздесіп, әңгімелесуіне және сүйікті үстел ойындарын ойнауына арналған демалыс аймақтары жабдықталған. Бұл бастама әртүрлі жастағы келушілердің қызығушылығын тудырды.

Дауыс бергендердің қатарында айтыскер ақын Еңсеген Әукен де бар. Ол елдің қоғамдық өміріндегі жас ұрпақтың рөлі туралы пікір білдірді. Ақынның айтуынша, мәслихат құрамында жаңа идеялар ұсынып, бастамашылдық танытып, жауапкершілікті мойнына алуға дайын жастардың үлесі көбірек болуы керек.

Сайлау учаскелерінде тақырыптық фотоаймақтар да ұйымдастырылған. Әсіресе тұрғындар арасында «Менің таңдауым» атты фотобұрыш үлкен сұранысқа ие. Алматылықтар мұнда туған-туыстары және достарымен бірге естелік суретке түсуде.

Осылайша, көптеген тұрғын үшін жексенбі күні сайлауға қатысумен қатар, көршілерімен жүздесіп, пікір алмасуға және зияткерлік ойындар арқылы уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 41-інде қалада тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға арналған бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Сайлауға қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау учаскелері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді  

Бүгін 14:25

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпарат

Бүгін 14:21

«Дауысым ел болашағы үшін маңызды»: алматылық сайлауға қатысу себебін айтты

Бүгін 14:18

Өнер ұрпақты біріктіреді: «Асыл аналар» Алматы сайлаушыларына мерекелік көңіл күй сыйлады

Бүгін 14:15

Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асыл Айтақын Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);