AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Өнер - менің мектебім

Өнер - менің мектебім

Мәдениет 09.03.2022, 09:35 2,040
Өнер - менің мектебім

Үстіміздегі жылы 12 наурыз сағат 18.00-де Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының үлкен сахнасында опера труппасының солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дина Дүтмағамбетованың «Өнер – менің өмірім» атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дина Дүтмағамбетова – Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрының опера труппасының жарқын өкілі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Ол сахнада ең күрделі де алуан түрлі кейіпкерлерді – «Кармен» операсындағы нәзік Микаэлланы, Дж.Пуччинидің аттас операсындағы әміршіл Турандотты, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы мейірбан әрі көңілді Батсайыны бейнелейді. Ол лирикалық қаһармандардың бейнесінен тағдыр шешетін өктем кейіпкерлердің бейнесіне оңай ауысады. Дина Дүтмағамбетованың репертуарында толық опералық партиялардан басқа моно-опералар да, камералық шығармалар циклдары да бар. Ол репертуарына тағы бір маржан қосу үшін жаңа музыкаға әрдайым қызығушылықпен енеді.



«Бас дирижеріміз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің әуенімен біз көрермендер үшін концерттік бағдарлама дайындадық, оған шетелдік және орыс классиктерінің әйгілі опералық қойылымдарынан сирек орындалатын ариялар, сондай-ақ театрымыздың сахнасында ұзақ жылдар бойы қойылып келе жатқан және «Алтын мұра» репертуарына енген қазақ авторларының шығармалары кіреді», – дейді Дина Дүтмағамбетова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #балет #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика