конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Өнер мен өнегені ұштастырған ұстаз

Өнер мен өнегені ұштастырған ұстаз

Білім және ғылым Бүгін 15:39 39
Өнер мен өнегені ұштастырған ұстаз
Алматы қаласы білім беру басқармасы

Раушан Ақбердиеваның кәсіби қызметінде педагогика мен шығармашылық қатар өрілген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақбердиева Раушан Нәбиқызы – бейнелеу өнерінің педагогы, педагог-шебер, суретші, Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры, академик, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Ресей Федерациясы Суретшілер одағының мүшесі, ұлттық өнер мен білім саласына өзіндік үлесін қосып жүрген шығармашыл тұлға.

Өнер – адамзаттың рухани әлемін байытып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын құндылықтарды сақтайтын қасиетті ұғым. Ал сол өнерді жас ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, оның сырын ұғындырып, эстетикалық талғамын қалыптастыратын ұстаздың орны ерекше. Осындай өнер мен білімді, шығармашылық пен тәрбиені өз өмірінің басты мұратына айналдырған ұстаздардың бірі – Ақбердиева Раушан Нәбиқызы.

Раушан Нәбиқызының бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Өнерге деген алғашқы қадамы 1978 жылы Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы көркемсурет училищесінен бастау алады. Дәл осы кезең оның өмір жолын өнермен мәңгілік байланыстыратын үлкен сапардың бастамасына айналды.

Кейін білімін жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, бейнелеу өнері және кескіндеме бағыты бойынша жоғары білім алды. Университетті үздік аяқтап, кәсіби білімі мен шығармашылық ізденісін педагогикалық қызметпен ұштастырды.

Раушан Нәбиқызының ұстаздық жолы – бірнеше онжылдықты қамтитын үлкен мектеп. Ол Алматы қаласының бірқатар білім беру ұйымдары мен шығармашылық студияларында еңбек етіп, талай шәкірттің өнерге деген қызығушылығын оятты. Оның педагогикалық ұстанымының негізгі өзегі – баланы тек сурет салуға үйрету емес, өнер арқылы оның ішкі жан дүниесін ашу, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

Ұстаздың пікірінше, бейнелеу өнері – баланың бойындағы шығармашылық қабілетті дамытатын ғана емес, оның рухани болмысын қалыптастыратын маңызды құрал. Сондықтан Раушан Нәбиқызы әр сабағын баланың өзіндік ойын білдіруіне, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдауына және ұлттық мәдениетті тануына мүмкіндік беретін шығармашылық кеңістік ретінде қарастырады.

Раушан Ақбердиеваның кәсіби қызметінде педагогика мен шығармашылық қатар өрілген. Ол ұзақ жылдар бойы мектеп оқушыларына бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәндерінен сабақ беріп қана қоймай, әріптестеріне де әдістемелік тұрғыдан бағыт-бағдар көрсетіп келеді.

Ұстаздың авторлық ізденістерінің қатарында «Мұрагер» бағдарламасының орны ерекше. Бағдарламада ұлттық өнерді қазіргі заманғы білім беру үдерісімен сабақтастыруға, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға және дәстүрлі өнерді заманауи тұрғыдан меңгертуге басымдық беріледі.

Сонымен қатар ол бірнеше авторлық шеберлік сабақтарының авторы. Олардың қатарында «ДПИ. Батик және сырлары», «Шабыт – мотивацияның қайнары», «Пастель. Сграффито техникасы» секілді шығармашылық бағыттағы жұмыстар бар.

Бұл шеберлік сабақтары арқылы Раушан Нәбиқызы өзінің мол тәжірибесін әріптестерімен бөлісіп, бейнелеу өнерін оқытудың жаңа әдістерін ұсынуға ұмтылып келеді. Ол біліктілікті арттыру институттарында дәрістер оқып, педагогтерге арналған курстар мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, тәжірибелі маман ретінде білім беру саласының дамуына үлес қосуда.

2016 жылы ұстаз бейнелеу өнері бойынша оқу-әдістемелік бағыттағы еңбек дайындап, 5-сынып мұғалімдеріне арналған оқыту әдістемесін әзірледі. Сонымен бірге оның «Чистота и красота души – основа воспитания» атты ғылыми-әдістемелік мақаласы «Учитель нации» журналының 2016 жылғы №9 санында жарық көрді.

Бұл еңбектерден Раушан Нәбиқызының өнерді тек шығармашылық пән ретінде емес, тұлғаны тәрбиелейтін маңызды педагогикалық құрал ретінде қарастыратынын аңғаруға болады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – ЖАН ДҮНИЕНІҢ АЙНАСЫ

Педагогикалық қызметпен қатар Раушан Нәбиқызы шығармашылық ізденісін де үзбей жалғастырып келеді. Оның көркемдік әлемі табиғатпен, ұлттық мәдениетпен және адамның рухани дүниесімен тығыз байланысты.

Суретші шығармаларында түрлі техникалар мен көркемдік тәсілдерді пайдалана отырып, табиғаттың әсемдігін, ұлттық мәдениеттің ерекшелігін, қазақ халқының дәстүрі мен рухани құндылықтарын өзіндік көркемдік тілмен жеткізеді.

Оның шығармашылығында сәндік элементтер, рельефті фактуралар, алтын түстес шешімдер, нәзік түстік ауысулар, тоқыма және кескіндеме техникасының үйлесімі ерекше орын алады. Бұл тәсілдер суретшінің табиғатқа, ұлттық мұраға және сұлулық әлеміне деген көзқарасын айқындайды.

Раушан Ақбердиеваның шығармашылық ізденісінің маңызды белестерінің бірі – 2024 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде өткен «Сырласу» атты жеке көрмесі.

Көрмеге суретшінің 100-ден астам шығармасы қойылды. «Сырласу» атауының өзі суретшінің шығармашылық әлемін дәл сипаттайтындай. Бұл көрме – суретші мен көрерменнің, өнер мен адамның, табиғат пен рухани әлемнің өзіндік сырласуы іспетті болды.

Көрмеде Раушан Ақбердиева өзінің әртүрлі көркемдік бағыттағы ізденістерін ұсынды. Оның туындыларынан табиғаттың нәзік тынысын, ұлттық мәдениеттің бояуын, адам мен қоршаған ортаның рухани байланысын байқауға болады.

Суретші үшін өнер – дайын бейнені көрсету ғана емес, көрерменді ойландыру, сезіндіру, белгілі бір көңіл күйге бөлеу. Сондықтан оның туындылары сыртқы сұлулықпен қатар ішкі мазмұнға да негізделген.

«Сырласу» көрмесінің мәдени маңызы оның келушілерінің көптігімен де айқындалды. 2024 жылғы 18 қазан мен 1 қараша аралығында көрмені 14 843 адам тамашалаған. Бұл көрсеткіш көрменің көрерменге деген қызығушылығын ғана емес, ұлттық өнер мен мәдени мұраға деген қоғамдық сұраныстың жоғары екенін де көрсетті.

Раушан Нәбиқызының шығармашылық және педагогикалық қызметінің ортақ арнасы – ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Ол қазақ халқының дәстүрлі өнерін заманауи білім беру кеңістігімен байланыстыруды маңызды міндеттердің бірі деп санайды. Оның сабақтарында оқушылар ұлттық ою-өрнектердің мәнін танып, сәндік-қолданбалы өнердің ерекшеліктерін меңгеріп, дәстүрлі өнер элементтерін қазіргі шығармашылық жұмыстарында қолдануға мүмкіндік алады.

Ұстаздың бұл бағыттағы жұмысы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырумен қатар, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырады.

Раушан Ақбердиева заманауи қазақ кескіндемесіндегі бағыттарды білім беру үдерісіне енгізу мәселесіне де ерекше көңіл бөледі. Оның осы тақырыпқа арналған мақаласы «Ұлы Тұлға» республикалық әдістемелік журналында жарияланған.

Заманауи қазақ кескіндемесі – ұлттық мәдени кодты сақтай отырып, әлемдік өнер кеңістігімен үндесіп келе жатқан маңызды шығармашылық бағыт. Осы үдерісті жас ұрпаққа таныстыру олардың көркемдік ойлауын кеңейтіп, өнерді тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.

ЕҢБЕК ЕЛЕНГЕНДЕ

Раушан Нәбиқызының көпжылдық еңбегі түрлі республикалық және халықаралық марапаттармен бағаланған.

Ол білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін Ы.Алтынсарин медалімен, жоғары нәтижелері үшін «Жыл үздігі» медалімен, білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін «Асыл ұстаз» медалімен марапатталған.

Сонымен қатар «Білім беру саласының көшбасшысы», «Қазақстанның білім беру саласының үздігі», «Педагогика саласының үздік қызметкері», «Қазақ өнерінің қайраткері», «Құрмет белгісі», «Ұстаз даңқы» секілді марапаттарға ие болды. Қазақстан Ұлттық дизайн академиясының академигі дипломын алған. Қазақстанның педагогикалық академиясы ғылыми қауымдастығының мүшесі әрі Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры атағына ие. Раушан Ақбердиева – Еуразиялық дизайнерлер одағының және Ресей Федерациясы Суретшілер одағының мүшесі. Сонымен қатар халықаралық шығармашылық ұйымдармен де байланыс орнатып, өнер мен мәдениетті дамытуға бағытталған түрлі жобаларға қатысып келеді. Оның еңбегі халықаралық деңгейде де бағаланған. 2023 жылы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінен екі ел арасындағы мәдени көпірді нығайту мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат алды. 2025 жылғы 14 қарашада Қырғызстанда өткен «Қырғызстанның бейнелеу өнері этномәдени кеңістікте» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысып, арнайы сертификатпен және Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ оған Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты табысталған. 2021 жылы Раушан Нәбиқызына педагогикалық қызметтегі жоғары кәсіби біліктілігін айғақтайтын «Педагог-шебер» санаты берілді. Раушан Ақбердиеваның өмір жолына көз жүгірткенде, оның бір ғана мамандық аясында шектелмей, өнер, педагогика, ғылым және қоғамдық қызметті қатар алып келе жатқанын көруге болады. Оның шығармашылық жолы – өнерге деген адалдықтың, ал педагогикалық жолы – шәкіртке деген жауапкершіліктің көрінісі. Ұстаз үшін әр оқушы – болашақ тұлға. Сондықтан ол баланың бойындағы кішкентай қабілеттің өзін байқап, оны дамытуға мүмкіндік беруге тырысады. Өйткені өнерге қызығушылықтың артында болашақ суретші ғана емес, ойлай білетін, сезіне білетін, әсемдікті бағалайтын азаматтың қалыптасуы жатыр. Раушан Нәбиқызының шәкірттері түрлі шығармашылық байқаулар мен көрмелерге қатысып, өз қабілеттерін шыңдап келеді. Ұстаздың көп жылғы еңбегінің ең үлкен нәтижесі де – оның шәкірттерінің жетістігі. Өнер мен педагогиканы қатар алып жүру – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал оны ондаған жылдар бойы үздіксіз жалғастыру үшін кәсіби шеберлікпен қатар, өнерге деген шынайы сүйіспеншілік қажет. Раушан Ақбердиеваның шығармашылығы мен ұстаздық қызметінен дәл осы қасиетті көруге болады. Ол үшін өнер – тек картинадағы бояу мен бейне емес. Өнер – ұлттың жады, халықтың рухы, адамның ішкі әлемі. Ал ұстаздық – сол рухани байлықты келесі ұрпаққа жеткізудің үлкен жолы.

Бүгінде Алматы қаласындағы "Зердеш" мектебінде көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-шебер ретінде еңбек етіп жүрген Раушан Нәбиқызы өз тәжірибесімен жас ұстаздарға да үлгі көрсетіп келеді. Оның өмір жолы – өнерге адалдықтың, ұстаздыққа беріктіктің және ұлттық мәдениетке деген құрметтің жарқын мысалы.

Өнерді үйрету – баланың қолына қылқалам ұстату ғана емес. Өнерді үйрету – оның жүрегіне сұлулықтың дәнін себу. Ал сол дәннің тамыр жайып, үлкен шығармашылыққа айналуы – ұстаздың еңбегіне байланысты. Раушан Нәбиқызы Ақбердиеваның саналы ғұмыры осы үлкен мақсатқа арналды. Оның еңбегі – бүгінгі шәкірттің шығармашылығында, ұлттық өнерге деген құрметінде және ертеңгі ұрпаққа жалғасатын рухани мұрада өз жалғасын табары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұстаз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Соңғы бес жылда Қазақстанда 1120 мектеп салынды

Бүгін 16:28

Ендігі чемпион қай ауылдан шығады? AUYL SPORT жаңа маусымын бастады

Бүгін 16:27

Президент білім жүйесін дамытуға арналған заманауи тәсілдермен танысты

Бүгін 16:21

Президент үздік педагогтерді мемлекеттік наградамен марапаттады

Бүгін 16:15

"Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі" – Тоқаев

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);