ffin.kz

Оңай! Қолжетімді! Түсінікті!

Оңай! Қолжетімді! Түсінікті! Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық бірегей білім беру жүйесі бар жасөспірімдер әлеуметтік желісі шет елдерде үлкен қолдау тапты. «Almaty aqshamy» газетінің 11-ші наурыз күні шыққан нөмірінде «Оңай! Қолжетімді! Түсінікті!» мақала атауымен балалар мен жасөспірімдерге арналып жасалған алғашқы ISEN әлеуметтік желісінің мүмкіндіктері жайлы жазған болатынбыз. Міне, көп уақыт өтпей, алматылық өнертапқыштың қосымшасы бүкіл әлемде қолдау тауып, қаншама білімге құмар жастардың игілігіне айналды.


ISEN қосымшасын құрастырушылар ұжымын ең бірінші болып Испания королі Филип VI ресми хат жолдау арқылы игі іс жалғасын таба берсін деген ізгі тілегін білдірсе, АҚШ-тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Мейер әлеуметтік желі мүмкіндіктерімен танысып, жобаға сәттілік тіледі. Халықаралық ұйымдар ішінен ЮНЕСКО тек жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желіге аса қызығушылық танытып отыр. Жақында Германия канцлері Ангела Меркель балалар мен жасөспірімдердің білім алу жолдарының кез-келгенін қолдайтынын жеткізіп хат жолдаған. Мұның барлығы қазақстандық білім беру жүйесі жаңа технологияларды игере бастағанын, өнертапқыштардың шет елдерде мойындала бастағанын білдіреді.



«Біздің қосымша ISEN (International social of education network) деп аталады, яғни ағылшын тілінен аударғанда халықаралық әлеуметтік желі дегенді білдіреді. Демек, біз тек қазақстандық жастарға ғана емес, бүкіл әлемнің балаларына білімді қолжетімді етуге тырысып бағудамыз.


Қазір дамыған көптеген мемлкететтер басшылары: АҚШ, Испания, Германия біздің қосымшамен танысып, біздің қосымшамызды жақсы бағалауда. Біз одан бөлек Ұлыбритания королевасына, Сауд Арабия короліне, Жапония императорына  хат жолдып, олардың жауаптарын күтудеміз. Менің ойымша біздің жолдаған хабарламамыз оларға енді жетіп, тиісті мамандар талқысына салынып жатқан болар. Бірақ, бізге ағылшындар, немістер мен испандықтар жауап бергенін негізге алсақ, олар да тексеру жұмыстарынан кейін ғана бізді бағалағанын түсінуге болады. Сол арқылы біздің қосымшамыз жер-жерге танылып, қазақстандық қосымшамен шетелдіктер де қолданса дейміз», - деді жоба жетекшісі Нұр Құтты. 


Аталмыш жобаның бас директоры Нұр Құтты онлайн білім берудегі кедергілер мен келеңсіздіктерді негізге ала отырып, компьютермен емес, қарапайым ұялы телефон арқылы білім алу мүмкіндігін қарастырды. Яғни балаларға оқылатын курстар ең алдымен қолжетімді, түсінікті, қабылдауға оңай болуы тиіс.


Көпфункционалды әлеуметтік желіде мессенджер де, гео-локация, мұғалімдерге арналған чат, оқыту жүйесі мен ілеспе аударма сынды көптеген қызмет түрлері бар. Әсіресе, американдық жастар ілеспе аударма функциясын пайдалануда белсенділік танытып, енді тегін білім беру сабақтарын ағылшын тіліне аударылуын күтуде. Жақында Инстаграм бетіне ұқсас, жасөспірімдерге икемделген жаңалықтар лентасы қосылды.


Мұндай алғашқы жобаны шетелдіктер ғана емес, қазақстандықтар да қуана-қуана қолдауда. Қазіргі уақытта жоба жетекшісі ақпараттық қолдау ретінде «Қазақ газеттері» мен «Қазақ радиосынан» қолдау тапқан.


Одан бөлек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығымен», Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен екіжақты қолдау жұмыстары жөнінде меморандумға қол қойылған. Жаңа қосымша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тексерісуінен де өткен. Яғни, министрлік ақпараттық технологиялар саласындағы видеоконтентті ISEN қосымша бетінде жариялауға, әлеуметтік желіде жарияланған оқыту курстарын өздерінің ақпарат көздерінде жариялауға келісім алған.


Нұр Құттының айтуынша, қазір өзге де министрліктермен келіссөздер жүргізілуде. Мысалы, Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып, түрлі табиғи апаттарда өзін-өзі ұстау ережелері жайында қосымша видеолар түсіру жоспарлар бар. Мамандармен тікелей жұмыс істеу арқылы ғана балаларға сапалы контент жасауға болатынын жеткізді. Қазірдің өзінде Балалардың құқығын қорғау комитетінің видеороликтері қосымшада жариялданып, оқуға берілген. Онда буллингтен қорғану, отбасындағы зорлық-зомбылықтан сақтану жолдары, балалардың құқығы сынды тақырыптарда пайдалы видеолар жарияланған. 


«Республикалық оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығы» мен Балалардың құқығын қорғау комитетімен бірлесе отырып, жақында әлеуметтік желіде байқау жарияланбақ. Балалар қосымшада түрлі пәндер бойынша құрастырылған тесттерден өтіп, жиналған балдарды осы әлеуметтік желідегі дүкендер мен қызмет көрсету нысандарда қажетті заттарын сатып алуға жұмсай алады.


Жиналған ұпайларды тамақтану мен дүкендерге ғана құртпай, тетарлар мен көрмелерге билет алу үшін, тіпті, қажетті дәрілерді сатып алу үшін пайдалануға болады. Мұның барлығы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Қазақ мемлекеттік циркі сынды мәдени орындармен, Гавайи аквапарк демалыс орындарының қолдауымен мүмкін болып отыр. Одан бөлек алматылық VIVA Pharm компаниясы да қолдау көрсетіп, балаларға арналған дәрумендермен бөліскен. Ал, Дінмұхамед Қонаев атындағы қор білім берудің қолайлы әдісіне баға беріп, мүмкіндігінше қолдау көрсетуге дайын екендерін білдірген екен.


Жан-жақты серіктестік пен қолдау жұмыстары өз жемісін беруде. Сабақтардың тақырып аясы кеңейіп, білім беріп қана қоймай, психологиялық көмек, төтенше жағдайлар мен келеңсіз оқиғалардан сақтану жолдарын,  болашақ өмірге икемдеуді үйрететін жаңа форматтағы пайдалы роликтер де жүктеле бастады. Мұның барлығы қазақстандық қосымшаның жетіле түскенін, әлемнің түкпір-түкпірінен балалар мен жасөспірімдердің басын бір желіде қосатын ортаға айналғанын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04