AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Олимпиада киімінің дизайны бекітілмек

Олимпиада киімінің дизайны бекітілмек

Спорт 19.02.2024, 12:40 1,311
Олимпиада киімінің дизайны бекітілмек
Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Ойындардың басталуына 158 күн қалды



Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Олимпиялық ойындарға дайындық штабы өз жұмысын жалғастырып жатыр.


Бүгін жедел штабта Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерімен кездесті.  


Жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар (садақ ату - 4, тас жолдағы велоспорт - 3, нысана көздеу - 5, қазіргі бессайыс - 2, бокс – 2, грек-рим күресі - 1, еркін күрес - 1, спорттық гимнастика - 1). Жоспар бойынша 25 спорт түрі бойынша лицензиялардың санын 90-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, жүлдеге үміткер 54 спортшыдан тұратын тізім жасақталды.



Құрама көшбасшылары әр спорт түрінің ерекшелігін ескере отырып, жеке жоспар бойынша дайындалады. Бір сөзбен айтқанда олар ештеңеге мұқтаж болмайды. Олимпиада алдындағы тестілік жарыстарға қатысу да маңызды екені тілге тиек етілді. Әр спорт түрінің жарыс кестесіне сәйкес, командалардың Парижге ұшып бару уақыты бекітілетін болды.


Сонымен қатар, ұлттық құрама спорт киімі үлгісінің дизайнын бекітіп, оны дайындау ерекше назарда болатыны ескерілді.


2024 жылғы 17 сәуірде бүкіл ел бойынша «Олимпиадаға 100 күн» іс-шарасы өтеді. Айтулы күнге орай флеш-мобтар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.


Төртжылдықтың басты додасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #киім #Дизайн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

Бүгін 12:28

«МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ – ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АҢЫЗЫ» атты мерейтойлық кеш өтеді

Бүгін 12:14

Мұғалімдерге не сыйлауға болады?

Бүгін 12:08

Олжас Бектенов атом өнеркәсібін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 11:45

Екі аптаға созылған арпалыс: алматылық дәрігерлер 11 баланың анасы мен оның жаңа туған қызын аман алып қалды

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);