"Өлер алдында біреу қорлаған". Ақтөбеде суға кетіп өлген оқушының туыстары адамшошырлық мәлімдеме жасады

  • 09:56, 10 желтоқсан 2025
"Өлер алдында біреу қорлаған". Ақтөбеде суға кетіп өлген оқушының туыстары адамшошырлық мәлімдеме жасады Видео кадры

Ақтөбеде суға кетіп өлген оқушының ата-анасы ұлының кісі қолынан қаза тапқанына сенімді. Себебі марқұмның денесінде соққы іздері болды дейді қара жамылған отбасы. 17 жастағы жасөсіпіріммен бірге көз жұмған марқұмның туыстары да жұмбақ өлімге күдікпен қарайды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Баламды ешкім маған қайтарып бере алмайды. Оны жақсы білемін. Дегенмен баламның кісі қолынан қаза тапқанын дәлелдеуім керек. Балам өзі, екі адам бірдей суға секіріп кетіп, екі адам бірдей оқыс жағдай болды дегенге сене алмаймын. Ана жүрегім сенбейді", - дейді Айгүл Кереева.

11-сыныпта оқыған Исламның анасы тергеудің жан-жақты жүргізілгенін талап етіп отыр. Денесі судан табылған баласының мәйітін ашып қарағанда, жақындары шошып кеткен. Марқұм ауыр соққы алып, өлер алдында біреу қорлаған деп отыр. Себебі, мұрыны тесіліп, құлақ шекесінен бастап, жүрек тұсы, қабырғалары түгел көгерген. Тізесін темірмен ұрғандай дақ қалған дейді. Оқушы өлер күні түн жарымына дейін моншада жұмыста болған. Оны қара көлік алып кеткені бейнекамераға түсіп қалыпты. Кейін сол көлікті тізгіндеген, өзінен он жас үлкен тұрғын екеуінің өлі денесі Елек өзенінен табылды. 27 жастағы жігітті оқушымен не байланыстырғанын марқұмның туыстары түсіне алмай отыр. Бірақ оның денесінен ешбір зомбылық ізі байқалмапты. 

"Екі бала бұрын бірін-бірі танымайтын. Таныса, біз білуіміз керек еді. Иә, олардың отбасы білу керек еді. Бір-бірімен кездессе, астындағы машинасын білу керек еді. Енді ол мүмкін емес жағдай, екі жаққа да жұмбақ. Бұларды не байланыстырды? Жасы да сәйкес келмейді. Бұрын жолдас болды, дос болды дейтіндей", - дейді Самат Қалиев,

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:51

10:33

10:11

09:56

09:47

09:35

09:25

09:14

09:05

08:54

08:40

17:44

17:28

17:11

17:00

16:41

16:28

16:12

15:59

15:46

15:31

15:13

15:01

14:44

14:37