AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Ол мені қыдықтады". Джей Ло Алматыда өткен концер...

"Ол мені қыдықтады". Джей Ло Алматыда өткен концертіндегі қызық оқиға туралы айтты

Мәдениет 08.10.2025, 14:30 662 Сұлу
"Ол мені қыдықтады". Джей Ло Алматыда өткен концертіндегі қызық оқиға туралы айтты
Видео кадры

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Алматыда өткен концертіндегі қызық оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

10 тамызда сахнада ән айтып тұрғанда оның мойнына шегіртке қонған еді. 

Дженнифер бұл туралы The Tonight Show Starring Jimmy Fallon бағдарламасында айтты. Өнер иесі сол кезде алғашында не болғанын өзі де түсінбей қалғанын мойындады.

"Бірнәрсе сездім, бірақ шамдардың жарығынан ұшып жүрген жәндік шығар деп ойладым. Ал кейін, жоқ, денемде бірнәрсе өрмелеп бара жатқанын байқадым!" - деді әнші күліп.

Бағдарламадағы көрермендер де күлкіге қарық болды, ал Джей Ло шегірткенің қалай "қонғанын" сахнада көрсетіп берді. Ол өзін ұстап, сабыр сақтауға тырысқанын да айтты.

"Ол мені қыдықтап жатты. Іштей: "Жарайды, әнді бітіріп алайын", - деп ойладым. Ал сілкіп жібергеннен кейін жарықта не екен деп қарасам, тікұшақтай үлкен шегіртке екен!" - деп әзілдеді Лопес.

Бұл оқиға желіде мемге айналды. Қолданушылар "дүниедегі ең бақытты шегіртке", "оны 500 долларға аукционға қою керек" деп қалжыңдады. Ал кейбіреулер Лопестің кәсібилігіне таңданысын білдірді.

"Мен оның орнында болсам, айқайлап сахнадан қашып кетер едім. Ал ол әнін тоқтатпады!" - деп жазды желі қолданушылары.

Дженнифер мұндай тосын жағдайлар концертте жиі болатынын айтты.

"Сахнада не боларын білмейсің. Бірақ ең бастысы - бәрін аяғына дейін жеткізіп, көрерменге шоу сыйлау", - деді ол.

Айта кетейік, 10 тамызда Алматының Орталық стадионында Дженнифер Лопестің Қазақстан тарихындағы алғашқы концерті өтті. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дженнифер Лопес #Концерт #шегіртке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика