AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Оймашада» оқу-жаттығу өтіп жатыр

«Оймашада» оқу-жаттығу өтіп жатыр

Әлеумет 22.02.2024, 09:02 1,036
«Оймашада» оқу-жаттығу  өтіп жатыр
gov.kz

«Оймаша» оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік атыстар өтіп жатыр. Сабақтың тақырыбы бөлімшелердің күндіз де, түнде де негізгі ұрыс түрлерінен оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауын көздейді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  


Аталған шараға мыңнан астам әскери қызметші қатысты, 20-дан аса әскери техника, оның ішінде танктер, бронды транспортерлер мен артиллериялық қарулар жұмылдырылды.  



Полигонда нақты ұрыс көрінісін жасау үшін бронды машиналарды, атыс нүктелерін және қарсыластың тірі күшін имитациялайтын нысандар қолданылды. Шартты қарсыластың нысандары мен қару-жарақтары түрлі оқ-дәрілермен жойылды. Теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері қарсыласпен бетпе-бет келіп, қорғаныста, шабуылда және күндізгі-түнгі ұрыс іс-қимылдарын пысықтады. 



Артиллериялық бөлімшелердің экипаждары мен жауынгерлік есептоптары атыс позицияларын өрістету және орналастыру, инженерлік жабдықтар және оларды бүркемелеу, нысаналарды барлау және оқ атуды басқару жөніндегі нормативтерді орындау кіретін жорық іс-қимылдарын пысықтады. 


Полигонда командирлерден тәуелсіз шешімдер қабылдауды және сеніп тапсырылған бөлімшелерге шебер басшылық жасауды талап ететін жағдай жасалды.




– Сабақ барысында теңіз жаяу әскерлерінің далалық машығы мен бөлімшелердің үйлесімділігі жетілдіріледі. Жас командирлер ұрыс барысында жеке құрамды басқару тәжірибесін үйренеді. Әскери қызметшілер іс жүзінде ұрысқа барынша жақындатылған жағдайларда әрекет ете отырып, қойылған міндеттерді орындау тәртібін меңгереді, – деп атап өтті 2 шабуылдау батальонының командирі капитан Дамир Мақсатов. 



Жауынгерлік атыс дегеніміз - тактикалық дайындықты оқытудың ең жоғары нысаны, бөлімшелер мен кіші топтардың жауынгерлік үйлесімділігі мен атыс жаттығуларының қорытынды кезеңі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оймаша #оқужаттығу #сарбаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

7 және 9 мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады?

Бүгін 12:29

АҚШ-та жазушы Мұхтар Мағауиннің бейітінің басына құлпытас қойылды

Бүгін 12:19

Нұраділ Әлжан Тәжікстандағы Grand Slam турнирінде қола жеңді

Бүгін 11:59

Алматыда бірнеше көшеде жарық уақытша өшеді

Бүгін 11:47

Алматыда тауда кәмелетке толмаған қыздар адасып кеткен

Бүгін 11:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);