AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ойға күш салған ұстаз

Ойға күш салған ұстаз

Білім және ғылым 05.10.2023, 06:03 1,529 Almaty-akshamy.kz. 
Ойға күш салған ұстаз
Сурет: Нұрзада Айтбекқызының әлеуметтік парақшасынан алынды

Дана да, ғалым да, қайраткер де бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Ұстазсыз жер бетінде жүрген пенде жоқ шығар... Ұстаз – ұлы мамандық. Сондықтан да ұстазға құрмет көрсетіп, үнемі мақтан тұтатынымыз!


Осынау ұстаздар күні қарсаңында 157 жалпы білім беретін мектептің ұстазы Байбосынова Нурзада Айтбекқызымен әңгімелескен едік.



Ұстаз деген қызық мамандық қой. Үнемі ізденіп жүреді. Әр бала күлімдеп, жүзі жарқын жүрсе қуанатын да осы мұғалім. Оның үстіне ұстаздардың уақытының басым бөлігі шәкірттерімен өтеді. Болашақ жарқын болуы үшін біз талмай жұмыс істеуіміз керек. Сонда ертеңгі күні еліміздің болашағының кемелденгенін көреріміз анық


Жалпы мен математика пәнінен сабақ беремін. Балаларға білім беру барысында екі нәрсеге мән беремін. Бірінші, балалардың ойлау қабілетін арттыру үшін есептерді ойша шығартуға тырысамын. Екінші, бала тақтада есеп шығарып жатқанда дауыстап түсіндіріп отырады. Бұл баланың жатық сөйлеуіне әсер етеді. Гаджеттер мен телефонға үңілген уақытта балалардың көбі ойын жеткізе алмай жатады. Ал мен қолданған әдіс арқылы бала ойланып, ойын жеткізуде мүдірмейтін болады.


Өткен жылы балалардың арасында «Менің мектебім» атты эссе жазғыздым. Сөйтіп балалардың жазғанын жинап, журнал қылып шығардым. Бұл балаларды ынталандыра түскені анық. Мақсаты айқын бала түптің түбінде өз биігін бағындыратыны анық. Мәселен, оқытып жүрген шәкірттерімнің бір парасы Назарбаев Зияткерлік мектебіне, О.Жәутіков атындағы физика-математика орта мектеп-интернатына түсіп жатыр. Әрине, қуанасың! Өйткені, бұл білім жолындағы еңбегіңнің өтеуі іспетті.


Бір кездері Қалқаман шағын ауданында мектеп саны аз болғандықтан «ю» сыныбы болған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын ауданда бірнеше мектеп салынды. Нәтижесінде, сынып саны қысқарды. Жалпы, Оқу-ағарту министрлігінің келелі істерінің арқасында мұғалім мәртебесі көтеріліп, ұстазға деген ұстаным да жақсарды. Енді бізге талмай еңбектеніп, балалардың білімді болуына ықпал ету ғана қалды.  


Тәуелсіздіктің 30 жылдығында ұйымдастырылған "Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік" конкурсына қатыстық. Нәтижесінде екінші орын алдым. Әрине, қаншама талантты ұстаздардың арасынан екінші орынды алудың өзі зор мәртебе, -дейді ұлағатты ұстаз




Айта кету керек, Нұрзада Айтбекқызы Мәскеу институтының танымал Петерсон оқулығын ресми түрде келісімшарт бойынша Қазақстанда бірінші болып қазақ тіліне аударған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #білім #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);