ffin.kz

Офицердің қызы

Офицердің қызы Сурет: Kazpravda.kz

Әке жайлы жылы естелік...


Отан қорғаушылар күні біздің отбасымыз үшін әрқашан орны ерекше мереке болатын, әлі де солай. Бұл күні біз бүкіл отбасымызбен жиналып, үлкен ақ дастархан басында бас қосамыз. Дәл осы мерекені атап өту дәстүрін бізге әкеміз үйретіп, сіңдірді. Тіпті өзінің туған күні ол үшін қатардағы қарапайым күндердің бірі болатын және оған дәл бүгінгі күн сияқты аса мән бере қоймайтын. Әкем өте патриот адам еді және бәрімізді сондай болуға үйретті. Өкінішке қарай, қазір өзі ортамызда жоқ, бірақ өзі үйретіп кеткен дәстүр қалды.


Үш баласының ішінде екі ұлы әке жолын қуып, өзі сияқты офицер болады деген үміті де жоқ емес еді. Алайда, халық арасында қыздар әкесіне көбірек ұқсайды деп бекер айтпайтын болар. Қыз баласы әкеге жақынырақ болады. Әкелері де қыздарына келгенде мейірімдірек. Әрі қыздар әкені қорғаны екенін сезініп, оның панасында өздерін еркін сезінеді. Мен де әкемді өзіме пір санап, соған қарай бой түзеуге тырыстым. Отбасындағы жалғыз қыз болғаннан кейін, мені барынша ерке қылып өсірді, бетімнен қақпағасын, батылдау болып өстім. Әкемнің жұмыстан шаршап келгеніне қарамай, алдына отырып алып, балалықпен оның күнімен не істегенін, қайда болғанын сұрап қоймайтынмын.


Әкем күлімсіреген күйі күні бойы қылмыскерлерді қолға түсіргенін, қарапайым бейбіт жандардың тыныш ұйқысы үшін қауіпті қылмыскерлерді қуғанын айтатын. Сол әңгімелерді айтып отырғанда ол қызының өз ойында әкесінің батырлығының бейнесін салып, оның әр сөзінен жүргенінен өткізіп жатқанынан мүлде бейхабар болған шығар.


Әкемнің ерлігіне сүйсінген мен сол кезде-ақ әкем сияқты боламын деп шешкен болатынмын. Тура әкем сияқты ержүрек әрі батыл офицер боламын деп. Бұл шешімім жайлы мен оған 10 жасымда айттым. Ол кезде әкем мені қолдады. 10-11-сыныптарда мен милиция мектебін бітірдім. Әкемді менің өзіме деген сенімділігім мен шешім қабылдағыш қасиетім қызық болған сияқты. Ол мен мектеп аяқтағанша ойы өзгеріп, өзіне сай «қыздарға сай» мамандық таңдайды деп сенді. Менің өз шешімнен қайтпайтынымды біле тұра, отбасымыздың бәрі, алдымен әкем менің мамандығыма қарсы болды. Әкем менің инженер эколог оқуына түскенімді қалады. Университетті эколог мамандығына тәмәмдағаннан кейін, мен сол дипломды әкеліп, әкемнің қолына ұстаттым. Ал өзім болсам әкемнен жасырып, екінші жоғары білім – заңгерлікке түстім.


Заң факультетінде оқып жүріп, мен Атырау облысының ҚАЖД-не жұмысұа орналастым. Үйге әскери киім киіп, жылтыраған берц етік киіп келген кезде әкемнің таң қала қараған түрі әлі көз алдымда. Бәрі менің бала кезімде әкем айтып берген, сипаттаған бейне болатын. Сонда әкем үндемей мені құшақтады да, батасын берді.



Офицерлік қызметті абыроймен атқарып жүргеніме 10 жыл болды. Әр таңда жұмысқа барарда бір жарым жастағы қызым мені бақылап отырады. Ол да бір кездегі мен сияқты погонымдағы жұлдыздарға қызығады. Менің камуфляжым мен фуражкамды кигісі келеді.


Көптеген жылдар өткен соң, менің ең ізгі арманым - Төлегеновтар әулетінің әскери істегі қызметін жалғастыру және оны абырой мен қадір-қасиетін жоғалтпай жоғары көтеріп алып жүру. Мен өз жұмысымды жақсы көремін және қызмет ер адамдыкі немесе әйелдікі деп бөлінбейді деп санаймын. Ең бастысы - Отан алдындағы борышын орындауға деген құлшыныс пен ұмтылыс.


Әкем 2014 жылы 59 жасында өмірдін өтті. Мен әкемнің мені түскі үзіліс кезінде  аттракциондар саябағына апарғанын жиі еске аламын. Өйткені кешке ол әрқашан жұмыстан босамайтын. Ал карусельдер өз жұмысын тек кешкі уақытта бастайтын, ал әкем иесінен оларды бір мен үшін іске қосуды сұрап берген болатын. Мен  сол күні  карусельде көп айналдым және қуаныштан бал-бұл жанған жүзімді төменде әкем мейіріммен қарап тұрды.  Менің басымдағы бантымды бетіме ескен жел желпіді. Қазір жаным ерекше құлазып, мұңайғанда, дәл сол сәтті, әкемнің бақытты жүзін  есіме аламын. Құдды әкем қазір де мені бақылап тұрғандай.  Бұл маған әрқашан жаңа күш береді, мен ойымда онымен тілдесіп: «Бәрі жақсы, әке! Өйткені мен сенің қызыңмын ғой. Офицердің қызы!» деймін.


Барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймын! Елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін. Біздің балаларымыздың күлкісі алаңсыз болсын!


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
5
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31