Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы: Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу!

Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы: Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу! Сурет: Senate.parlam.kz

Келешек үшін жасалған үлкен игілік.


Қазақстан Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіпке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған Жолдауында айтылған ұсыныстар ұнаған. Бұл туралы сенатор өз  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.    



«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында мәдениет саласына ерекше көңіл бөлді. Мәдениет, оның ішінде кітапхана мамандарының жалақысын 2022-2025 жылдары аралығында әр жылы 20%-ға көтеру туралы нақты ұсыныстар жасады. Қазаққа саналы да сапалы ұрпақ керек! Осы орайда Мемлекет басшының кітапхана ісіне айрықша мән беріп, қолдау көрсетуі - келешек үшін жасалған үлкен игілік! Кітапханашылар мәртебесін көтеру - білімді ұрпаққа жол ашу! Біздің бірнеше мәрте осы мәселе туралы жолдаған депутаттық сауалымыз аяқсыз қалмады. Президенттің өз Жолдауында тікелей қолдау білдіруін жақсы жаңалыққа балап отырған жайымыз бар!» – деп жазды сенатор.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51